https://sputnik.kz/20250528/kesir-tiligimen-bosanu-kerek-bolgan--poyyzda-zholserikter-zhukti-ayeldi-bosandyryp-aldy--53993672.html
"Кесір тілігімен босану керек болған": пойызда жолсеріктер жүкті әйелді босандырып алды
"Кесір тілігімен босану керек болған": пойызда жолсеріктер жүкті әйелді босандырып алды
Sputnik Қазақстан
Пойызда дүниеге келген қыз баланың салмағы 2,9 кг 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T12:08+0500
2025-05-28T12:08+0500
2025-05-28T12:10+0500
пойыз
жолсерік
жүкті әйел
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53994206_0:333:864:819_1920x0_80_0_0_e1985b55a1b6c22a84b2c1aa68704758.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр - Sputnik. "Астана – Жезқазған" бағытындағы №66 Talgo пойызында қыз бала дүниеге келді. Әйелді босандырып алған жолсеріктер неден үрейленеді, Sputnik Қазақстан тілшісі айтады. Жүкті әйел отырған вагонның жолсерігі Алтынай Галиуллинаның 35 жылдық тәжірибесі бар. Алайда мұндай жағдай бірінші рет дейді. Таңғы сағат бес шамасы. Вагондағы жолаушылар арасынан фельдшер мен мейірбике табыла кетеді. Вагондағы жолсеріктер бірі қайшы, бірі ыстық су, бірі орамалын алып жүгірген. Ал бірі келіншектің 1,5 жастағы бүлдіршінін әлдилеген. "Бірінші баласын кесер тілігімен босанған, бұл баласын да солай босану керек болған. Біз содан қорықтық", - дейді жолсерік Алтынай. Келіншек аман-есен қыз босанады. Есімін Асылым қояды. Ал сүйінші хабарды естіген әйелдің күйеуі Әлихан әу баста не болғанын түсінбей қалған. Пойызда дүниеге келген Асылымның салмағы 2,9 кг. Сәби мен ана дін аман перзентханаға жеткізілді.
https://sputnik.kz/20241022/astanaga-bara-zhatqan-zholaushy-poyyzda-bosandy-48002115.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53994206_0:252:864:900_1920x0_80_0_0_a9ffa3af6ab35c570683724eb9544048.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жолсерік, жүкті әйел
пойыз, жолсерік, жүкті әйел
"Кесір тілігімен босану керек болған": пойызда жолсеріктер жүкті әйелді босандырып алды
12:08 28.05.2025 (жаңартылды: 12:10 28.05.2025) Пойызда дүниеге келген қыз баланың салмағы 2,9 кг
АЛМАТЫ, 28 мамыр - Sputnik. "Астана – Жезқазған" бағытындағы №66 Talgo пойызында қыз бала дүниеге келді. Әйелді босандырып алған жолсеріктер неден үрейленеді,
Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
Жүкті әйел отырған вагонның жолсерігі Алтынай Галиуллинаның 35 жылдық тәжірибесі бар. Алайда мұндай жағдай бірінші рет дейді.
"Жас келіншек түннің бір уағында келіп жағдайы болмай тұрғанын айтты. Қасында 1,5 жасар бүлдіршіні бар екен. Мен купеде қасындағы кісіні бөлек екпеге ауыстырып төсекті дайындадым. Көп ұзамай толғағы басталып кетті. Келесі станция алыс болды", - дейді Алтынай Галиуллина.
Таңғы сағат бес шамасы. Вагондағы жолаушылар арасынан фельдшер мен мейірбике табыла кетеді. Вагондағы жолсеріктер бірі қайшы, бірі ыстық су, бірі орамалын алып жүгірген. Ал бірі келіншектің 1,5 жастағы бүлдіршінін әлдилеген.
"Бірінші баласын кесер тілігімен босанған, бұл баласын да солай босану керек болған. Біз содан қорықтық", - дейді жолсерік Алтынай.
Келіншек аман-есен қыз босанады. Есімін Асылым қояды. Ал сүйінші хабарды естіген әйелдің күйеуі Әлихан әу баста не болғанын түсінбей қалған.
"Таңғы сағат алтыларда бір әйел маған телефон соғып "сіз әке болдыңыз, сүйінші" деді. Ұйқылы-ояу не болғанын түсінбей қалдым. Әлеуметтік желіде бізді сөгіп жатқандар бар. Бірақ келіншегім 9 маусымда босану керек болған", - дейді пойызда дүниеге келген сәбидің әкесі Әлихан Өскенұлы.
Пойызда дүниеге келген Асылымның салмағы 2,9 кг. Сәби мен ана дін аман перзентханаға жеткізілді.