Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Келлогг Трамптың "отпен ойнау" туралы сөзін түсіндірді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент США Трамп объявил о введении пошлин на продукцию других стран
Президент США Трамп объявил о введении пошлин на продукцию других стран - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Келлогг АҚШ президенті қақтығыстың аяқталғанын қалайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшылығы "отпен ойнап жатыр" деген сөзін жеке қарым-қатынасты сақтауға қатысты айтты, деп мәлімдеді АҚШ басшысының арнайы өкілі Кит Келлог.
"Менің ойымша, ол (Трамп - ред.) "отпен ойнауды" жеке қарым-қатынасқа қатысты айтты. Өйткені президент Трамп жеке қарым-қатынасты шын бағалайды", - деді Келлогг Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
"Отпен ойнау – бұл президент Трамппен қарым-қатынасты бұзбау керек дегенді білдіреді. Өйткені қарым-қатынас жақсы болса, ілгері жылжу болады", - деді Келлог.
Оның айтуынша Трамп өзін пайдаланып жатқандай сезінетін жағдайға тап болғанды ұнатпайды. Келлогг АҚШ президенті қақтығыстың аяқталғанын қалайтынын мәлімдеді.
Трамп сейсенбі күні өзінің әлеуметтік желісінде Мәскеу "отпен ойнап жатыр" деп жазды.
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп осы аптада Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін – БАҚ
Жаңалықтар
0