Алматыда әскери киімдегі ер адам жол үстінде жатты - полиция түсініктеме берді

© Министерство обороны КазахстанаӘскерилер сапта тұр
Әскерилер сапта тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Ол арнайы белгісі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Алматыда әскери киінген адамды көлік қағып кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде әскери киімді адамның етбеттеп жерде жатқаны түсірілген. Жан-жағында әскери киімді адамдар жүр. Полицияның айтуынша, бейнежазбадағы адамды көлік қағып кеткен. Сондай-ақ әскери киім киген адамның әскери қызметкер емес екенін хабарлады.

"Оқиға 28 мамыр сағат 12:30 шамасында Бостандық ауданында болған. "Киа" маркалы автокөлік Байтұрсынов көшесімен оңтүстік бағытқа кетіп бара жатып, 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол арнайы белгісі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған", - дейді ведомстводағылар.

Әскери киімде жүрген азамат әскери қызметкер емес, ол - әскери кафедраның студенті, дейді полициядағылар. Ол оқиға салдарынан дене жарақатын алған.
Жаңалықтар
0