ЕАЭО тарифтік преференцияларды қалпына келтіру тәртібін жеңілдетті

© Photo : Правовой портал ЕАЭСЕАЭО символдары
ЕАЭО символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Құжатта декларант бұл құқықты жүзеге асыра алатын қосымша жағдай қарастырылған
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тарифтік преференцияларды қалпына келтіру тәртібін жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Құжатта декларант бұл құқықты жүзеге асыра алатын қосымша жағдай қарастырылған.
Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру кезінде декларант, тіпті кеден органына өтініш берген кезде оның қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, тауардың қайдан шыққаны туралы сертификатты ұсынуға құқылы. Алайда, бұл жағдайда тауарға арналған декларация тіркелген күні сертификаттың жарамды болуы маңызды.
Кеден органының тауардың шығарылған жерін тексерудің электрондық жүйесін пайдалана отырып, сертификатты тексеру мүмкіндігі болған жағдайда декларант тауардың шығарылған жері туралы сертификатты ұсынбауына болады.
Шешім ЕАЭО құқық қолдану тәжірибесін талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып қабылданды.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
ЕАЭО: астықтың сапасы жаңа жолмен айқындалады
Жаңалықтар
0