ШҚО-да 1,9 млрд теңге көлеміндегі активтер мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинШҚО-да 1,9 млрд теңге көлеміндегі активтер мемлекетке қайтарды
ШҚО-да 1,9 млрд теңге көлеміндегі активтер мемлекетке қайтарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Облыстық прокуратура мемлекеттік жоғарғы оқу орыны иелігіндегі мүлікті заңсыз иемдену фактісін әшкереледі
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. ШҚО -да 1,9 млрд теңге көлеміндегі активтер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан 2008 жылы құрылған технопаркті заңсыз жеке субъектіге беру белгілері анықталды.
Прокурорлық тексеру барысында 1,5 млрд астам сомаға мүліктік залал келтіру, құны 1,4 млрд теңге мемлекеттік мүлікті заңсыз кепілге салу, жосықсыз тең құрылтайшы тарапынан салықтық жеңілдіктерді заңсыз қолдану фактілері әшкереленді.
"Тексеру нәтижелері бойынша университеттің атына қадағалау актісі енгізілді, оны орындау шеңберінде мемлекеттік университет кепіл шарттарының, сондай-ақ жарғылық капитал үлесін азайту туралы жиналыстың хаттамаларының күшін жою туралы талап арыз берді", делінген хабарламада.
Прокурорлар сотқа мүдделі тұлға ретінде қатысты. Сот талқылауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік мүліктен барлық ауыртпалықтар алынып тасталды, университетке үшінші тұлғаға заңсыз берілген технопарктегі қатысу үлесінің 535 млн теңгесі 78,48%-і құны қайтарылды және технопарктің жосықсыз тең құрылтайшы алдындағы 1,6 млрд сомасындағы берешегі жойылды.
"Тексеру материалдары нәтижесінде ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Технопарктегі қатысу үлесінің 100%-і мемлекетке қайтарылды, мүлік ауыртпалықтан толығымен босатылды", - дейді прокуратура.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Екі қалада жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры тартылады
Жаңалықтар
0