Ресей армиясы Украинаның жаппай шабуылынан кейін қай жерлерге соққы жасағанын жариялады
17:25 27.05.2025 (жаңартылды: 17:26 27.05.2025)

© Sputnik / Станислав Красильников
/ Жазылу
Бірақ әскери нысандар ғана нысанаға алынды
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Украинаның қай жеріне соққы жасағанын жариялады.
20 мамырдан Украина ұшқышсыз аппараттармен Ресейге жаппай шабуылдар ұйымдастырды. Ресей бәрін қайтаруға тырысты, өзі де соққы жасады. Бірақ әскери нысандар ғана нысанаға алынды.
"Ресей Федерациясының бастамасымен Украинадағы шиеленісті реттеу бойынша екі жақты тікелей диалог қайта басталған болатын. Алайда Киев режимі кейбір еуропалық елдердің қолдауымен келіссөздерді тоқтатуға бағытталған арандатушылық қадамдарға барды", - делінген ресми хабарламада.
Укарина тарапынан жасалған шаубылдар:
• 20 мамырда ұшқышсыз аппараттар мен батыста жасалған реактивті снарядтармен Ресей Федерациясындағы азаматтық нысандарға шабуылдарды айтарлықтай көбейтті;
• 20-27 мамыр аралағында соққы жасайтын 2 331 ұшқышсыз аппарат, соның ішінде арнайы әскери операциядан тыс жерде 1 465 аппарат жойылды;
• украиндық ұшқышсыз аппараттармен жасалған шабуылдар кезінде бейбіт адамдар зардап шекті, олардың ішінде әйелдер мен балалар бар.
Ресейдің қарсы шабуылдары:
20 мамырда Житомир облысында Озерное аэродромының инфрақұрылымына, сондай-ақ, Днепропетровск облысындағы жанар-жағармай және әскери-техникалық мүлікке соққы жасалды;
21 мамырда Сумск облысындағы зымыран-артиллериялық қойма, Святогорск елді мекеніндегі шетелдік жалдамалы әскердің орналасқан жер мен Харьков облысындағы "Харьков" тобынының қоймасы жойылды;
22 мамырда дәлдігі жоғары қару-жарақпен Павлоград химия зауытына, ұшақтарды жөндеу цехына, Криворожск пен Николаевск облысындағы әскери аэродром мен радиолокациялық станцияларға соққы жасалды;
Днепропетровск облысында "AN/MPQ-65" радиолокациялық станциясы, сондай-ақ, Patriot зениттік зымыран кешені жойылды;
23 мамырда Одесса портында қару-жарақ пен ұшқышсыз аппараттар салынған 100 контейнер жойылды.
