https://sputnik.kz/20250527/nazarbaev-mektebinen-dau-shyqty-tulekterdin-biri-bilim-ordasynan-shygaryldy-53918509.html
"Жағдайым нашарлап кетті": Назарбаев мектебіндегі даудың неден шыққаны анықталды
"Жағдайым нашарлап кетті": Назарбаев мектебіндегі даудың неден шыққаны анықталды
Sputnik Қазақстан
Назарбаев мектебінің оқушысы Сұңқар Майқан емтиханға ұялы телефонмен кіріп, оны алып қойған мұғаліммен сөзге келген 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T08:35+0500
2025-05-27T08:35+0500
2025-05-27T09:22+0500
мұғалім
оқушы
назарбаев зияткерлік мектебі
жанжал
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53919011_0:33:989:589_1920x0_80_0_0_3b082aa65d23fd54c20dd1ec739a1a67.jpg
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Сұңқар Майқан оқу жылы аяқталуға 1 күн қалғанда мектептен шығарылды. Оқиға қалай болғанын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желідегі парақшасында мектептен шығып қалған түлекке араша сұрап, жазба қалдырды. Депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында бұл білім ошағы тарапынан оқушыға жасалған әділетсіздік екенін айтты.Кез келген адамның қателесуге хақы бар – СмирноваҰстаз ретінде мұндай жазаға түбегейлі қарсымын деген мәжіліс депутаты кез келген адам сияқты бала да қателік жасайтынын айтады.Оқушы мектепсіз қалды"Оқушы мектеп ішіндегі басқа емтихандарға да жіберілмей жатыр. Біздің мемлекетте 12 жылдық білім Назарбаев мектебінде ғана бар. Сонда бала не жай мектепке бара алмайды, не Назарбаев мектебін бітірмейді. 12 жыл оқыған баланың құқын таптап, дәл мектеп бітіруге бір күн қалғанда басқа мектепке бар деген", - дейді мәжіліс депутаты.Сұңқар мұғалімдерден кешірім сұрап, қанша өтінгенімен ұстаздар қайырыла қоймапты.Принципшіл Жанғозин де орнын босатсын – депутатИрина Смирнова жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев мектептеріндегі проблеманы әшкерелегенін айтты.15 мұғалім оқушыға араша түсіп, 65 мұғалім қарсы болғанМектеп бітіргелі тұрған оқушының білім ошағынан аластатылғанын айтып, әу баста "Qamqor Ana" орталығының төрағасы Аида Боқаева дабыл қаққан. Күйеуінің сол мектепте қызмет етіп, үш баласының сол мектепте оқығанына қарамастан қоғам белсендісі Аида Боқаева Сұңқардың оқудан шығып қалғаны әділетсіздік дейді.Қоғам белсендісінің айтуынша, оқушы тіл тигізді деген мұғалім оқиға туралы әлеуметтік желіге салып жіберген. Оқушының мәселесін май шаммен қараған педагогикалық кеңесте 15 мұғалім оқушыға араша түссе, 65 мұғалім мектептен шықсын деген."Психологтың пікірі тыңдалмай, мұғалім біткен жабылып, ауыз аштырмады. Мен жағамды ұстадым. Оқушы мен ата-анасын ертіп, Алматыда 2 күн мектеп араладым. Бірақ заң бойынша ешбір мектепке ауыстырылмайды. Бала мектепсіз қалды", - дейді қоғам белсендісі.Сұңқардың атасы Қытай жеріне әкімдік қызмет атқарған. Кейіннен қазақтың жансызы деп айып тағылып, 8 жыл түрмеде жатқан. Жан сауғалап қашып Отанына оралып, шекарадан өткенде қазақтың жерін етпеттеп сүйіп, еңкілдеп жылапты. Сұңқар – қазақ үшін жылаған бір әулеттің жалғыз ұрпағы, дейді Аида Боқаева.Кіл қаймақты жинаған мектеп неге тәрбие бере алмады?"Бүкіл Қазақстанның озаттарын жинап алып, 5 жылда тәрбие бере алмаған мектеп мүмкін өзінен көруі керек шығар. Ертең аттестатына баға қойылатын пәннен емтихан болады, баланы соған кіргізбей тұр", - дейді Боқаева."Мен мұғалімге ауыр сөз айтпадым..."Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның қалай болғанын мектептен шығып қалған Сұңқар Майқанның өзінен сұрап көрді.Мұғалім "осы үшін сазайыңды аласың" деді. Мен директордың орынбасарына кіріп едім, "мұғалімді осындай шок жағдайда бірінші рет көрдім. Мұғалімнен кешірім сұра" деді. Мен кешірім сұрадым. Бір шеті емтиханнан шығып, сондай қобалжып тұрдым", - дейді Сұңқар.Ертесі тәртіптік кеңес болып, оқушының мәселесі май шаммен қаралады. Оның ертесі педагогикалық кеңесте талқыланады. Бұл кеңесте ұстаздардың басым көпшілігі Сұңқарды мектептен шығарып тастайды."Мұғалім маған әлі жала жауып жүр""Мен шағым айтқан мұғалімді білмеймін, өйткені ол бізге сабақ бермейді. Ол кісі маған әлі жала жабумен жүр. Тіпті ол туралы жамандап аккаунт ашыппын, бірақ дәлел жоқ. 5 күнде 5 кг арықтап кеттім. Өте қатты уайымдап жүрмін, ас батпай қалды, жағдайым сондай нашарлап жүр. Менің өтінішім – екінші рет мүмкіндік берсе деймін. Өйткені бұл мектепте бес жыл білім алып келдім", - дейді мектептен шығып қалған оқушы.Іле-шала Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин де әлеуметтік желідегі парақшасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, мектеп ережесі бойынша ұялы телефонмен емтиханға кіру - өрескел заңбұзушылық.Сондай-ақ бұл оқушының бұрын да тәртіпсіздік танытқанын айтты."Бұл жағдайды жан-жақты қарап, қажет қорытынды шығарамыз. Бірақ болған жағдай үшін мектепті ғана кінәлау дұрыс емес. Мұндайда отбасының, қоғамның да жауапкершілігі бар екенін естен шығармау керек", – дейді Әнуар Жанғозин.Ал заңгерлер оқушыны бұлай жазалау мектеп тарапынан жіберілген қателік дейді."Бұл жағдайға қатысты мектеп директоры іле-шала түсінік берді. Айтуынша, оқушы бұған дейін де тәртіпсіздік жасаған. Бірақ... Бірақ ол туралы шығарылған бұйрық жоқ. Тәртіп бұзғандықтан деп бұйрық жасап, мектептен шығарған. Менің ойымша, Назарбаев зияткерлік мектебінде сауатты мамандар жұмыс істеуі керек. Бұйрықта бір ғана заң бұзушылық туралы жазылған. Бұдан бұрыңғы оқушының тәртібі туралы ешнәрсе жазбаған. Енді тағы бір түйткілді жағдай – оқиға туралы ешбір нақты дәлел жоқ. Директордың айтқаны, мұғалімнің айтқаны, бәрі тек – сөз", - дейді адвокат Жанкелді Сүлейменов.Адвокаттың айтуынша егер балағаттаса ол үшін айыппұл қарастырылған.Еуразиялық құқық қорғау ұйымының төрағасы Жаслан Аймағамбетов оқушыны мектептен шығаратын жағдайлар Назарбаев зияткерлік мектептерінде болып тұрады дейді. Соның бірі – Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі."Қарағанды қалалық ауданаралық сотында Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысына қатысты іс қаралды. Зияткерлік мектеп бір жыл бойы оқушыны мектепке кіргізбеген. Сот оқушының құқын қорғады. Қазіргі уақытта Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыға, қалалық соттың шешімен қарсы шығып, Жоғарғы сотқа шағым түсіріп жатыр. Бірақ баланың құқы қорғалып, ол мектебіне қайта оралды. Сонда зияткерлік мектеп оқушыны мектеп формасын кимеді деп айыптаған", - дейді Еуразиялық құқық қорғау ұйымының төрағасы Жаслан Аймағамбетов.Ұйым төрағасына дәл осындай тағы бір шағым түскен. Онда бес күн қатарынан емтихан тапсырған бала әбден шаршап, дұрыс нәтиже көрсете алмаған. Енді оқушыны зияткерлік мектептен шығару қаупі төніп тұр. Оқушының ата-анасы сотқа шағымданбақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53919011_81:0:908:620_1920x0_80_0_0_8ae607d6fc979021d1e99e9697bff6f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
мұғалім, оқушы, назарбаев зияткерлік мектебі, жанжал
мұғалім, оқушы, назарбаев зияткерлік мектебі, жанжал
"Жағдайым нашарлап кетті": Назарбаев мектебіндегі даудың неден шыққаны анықталды
08:35 27.05.2025 (жаңартылды: 09:22 27.05.2025) Назарбаев мектебінің оқушысы Сұңқар Майқан емтиханға ұялы телефонмен кіріп, оны алып қойған мұғаліммен сөзге келген
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Сұңқар Майқан оқу жылы аяқталуға 1 күн қалғанда мектептен шығарылды. Оқиға қалай болғанын
Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.
Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желідегі парақшасында мектептен шығып қалған түлекке араша сұрап, жазба қалдырды. Депутат
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында бұл білім ошағы тарапынан оқушыға жасалған әділетсіздік екенін айтты.
Кез келген адамның қателесуге хақы бар – Смирнова
"Қоғам белсендісі Аида Боқаева маған хабарласып, көмек сұрады. Оқушы 7-сыныптан бері оқиды, білімі жақсы, тәртіпті бала. Мектеп ішіндегі емтиханды тапсыру кезінде шалбарының артқы қалтасында ұялы телефоны болған. Ол тіпті телефоннан көшіріп жазбаған. Емтиханнан шыққанда мұғалім көріп қойған. Сол сәт оқушы ренжіп, ақырын ғана сөйлеген. Соған бола баланың мәселесі педагогикалық кеңесте қаралған. Ол жерде 75% мұғалім оқушыны мектептен шығару туралы шешім қабылдаған", - дейді Ирина Смирнова.
Ұстаз ретінде мұндай жазаға түбегейлі қарсымын деген мәжіліс депутаты кез келген адам сияқты бала да қателік жасайтынын айтады.
"Оқушы мектеп ішіндегі басқа емтихандарға да жіберілмей жатыр. Біздің мемлекетте 12 жылдық білім Назарбаев мектебінде ғана бар. Сонда бала не жай мектепке бара алмайды, не Назарбаев мектебін бітірмейді. 12 жыл оқыған баланың құқын таптап, дәл мектеп бітіруге бір күн қалғанда басқа мектепке бар деген", - дейді мәжіліс депутаты.
Сұңқар мұғалімдерден кешірім сұрап, қанша өтінгенімен ұстаздар қайырыла қоймапты.
Принципшіл Жанғозин де орнын босатсын – депутат
Ирина Смирнова жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев мектептеріндегі проблеманы әшкерелегенін айтты.
"Мектеп мұғалім үшін емес, оқушы үшін жасалған. Ол үшін мұғалім ақша алып отыр. Егер оқушыны тәрбиелей алмаса, оған кім кінәлі? Балаға қоғамдық жұмыс істетіп, шара қолданса да болады. Жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев зияткерлік мектебіндегі қаншама проблеманы әшкере етіп берді. Жанғозин соншалықты принципшіл болса, онда өзі де жұмыстан кету керек. Бұл туралы Жанғозиннің өзіне де айттым", - дейді Ирина Смирнова.
15 мұғалім оқушыға араша түсіп, 65 мұғалім қарсы болған
Мектеп бітіргелі тұрған оқушының білім ошағынан аластатылғанын айтып, әу баста "Qamqor Ana" орталығының төрағасы Аида Боқаева дабыл қаққан. Күйеуінің сол мектепте қызмет етіп, үш баласының сол мектепте оқығанына қарамастан қоғам белсендісі Аида Боқаева Сұңқардың оқудан шығып қалғаны әділетсіздік дейді.
"21 мамырда бір бала ұялы телефоныма хабарлама жазып, көмек сұрады. Мен ертесі іле-шала мектеп директорына бардым. Ол кісіге мектептің үлкен ұстаздарын жинаңыз дедім. Бардым да айттым, мектеп баланы жазаламайды, тәрбиелейді. Мектептен шығармай, басқа шара қолданыңыздар дедім. Сол күні Сұңқардан басқа 6 бала емтиханға ұялы телефонмен кірген", - дейді Аида Боқаева.
Қоғам белсендісінің айтуынша, оқушы тіл тигізді деген мұғалім оқиға туралы әлеуметтік желіге салып жіберген. Оқушының мәселесін май шаммен қараған педагогикалық кеңесте 15 мұғалім оқушыға араша түссе, 65 мұғалім мектептен шықсын деген.
"Психологтың пікірі тыңдалмай, мұғалім біткен жабылып, ауыз аштырмады. Мен жағамды ұстадым. Оқушы мен ата-анасын ертіп, Алматыда 2 күн мектеп араладым. Бірақ заң бойынша ешбір мектепке ауыстырылмайды. Бала мектепсіз қалды", - дейді қоғам белсендісі.
Сұңқардың атасы Қытай жеріне әкімдік қызмет атқарған. Кейіннен қазақтың жансызы деп айып тағылып, 8 жыл түрмеде жатқан. Жан сауғалап қашып Отанына оралып, шекарадан өткенде қазақтың жерін етпеттеп сүйіп, еңкілдеп жылапты. Сұңқар – қазақ үшін жылаған бір әулеттің жалғыз ұрпағы, дейді Аида Боқаева.
"Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры оқушыны 4 қалаға ауыстырамын деп алып, кейін айнып қалды. Айтуынша, мұғалімдер бұл шешімге қарсы болыпты. "Сұңқарды басқа Назарбаев мектебіне ауыстырса, 1 100 оқушының бәрі бізді осылай басынады" депті. Бұл директордың сөзі", - дейді Аида Боқаева.
Кіл қаймақты жинаған мектеп неге тәрбие бере алмады?
"Бүкіл Қазақстанның озаттарын жинап алып, 5 жылда тәрбие бере алмаған мектеп мүмкін өзінен көруі керек шығар. Ертең аттестатына баға қойылатын пәннен емтихан болады, баланы соған кіргізбей тұр", - дейді Боқаева.
"Мен мұғалімге ауыр сөз айтпадым..."
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның қалай болғанын мектептен шығып қалған Сұңқар Майқанның өзінен сұрап көрді.
"Емтихан тапсырғанда қалтама телефон салып кірдім, оны пайдаланбадым. Шығып бара жатқанымда мұғалім алып қойды. Кейіннен телефонымды сұрап бардым, ол кісі директордың орынбасарында деді. Мен бұрылып бара жатып кейістік таныттым. Бірақ мұрнымның астынан міңгірлегенім болмаса, ол кісінің бетіне қарап қатты сөйлемедім. Сол кезде не деп айтқаным есімде де жоқ", - дейді мектепсіз қалған оқушы Сұңқар Майқан.
Мұғалім "осы үшін сазайыңды аласың" деді. Мен директордың орынбасарына кіріп едім, "мұғалімді осындай шок жағдайда бірінші рет көрдім. Мұғалімнен кешірім сұра" деді. Мен кешірім сұрадым. Бір шеті емтиханнан шығып, сондай қобалжып тұрдым", - дейді Сұңқар.
Ертесі тәртіптік кеңес болып, оқушының мәселесі май шаммен қаралады. Оның ертесі педагогикалық кеңесте талқыланады. Бұл кеңесте ұстаздардың басым көпшілігі Сұңқарды мектептен шығарып тастайды.
"Мұғалім маған әлі жала жауып жүр"
"Мен шағым айтқан мұғалімді білмеймін, өйткені ол бізге сабақ бермейді. Ол кісі маған әлі жала жабумен жүр. Тіпті ол туралы жамандап аккаунт ашыппын, бірақ дәлел жоқ. 5 күнде 5 кг арықтап кеттім. Өте қатты уайымдап жүрмін, ас батпай қалды, жағдайым сондай нашарлап жүр. Менің өтінішім – екінші рет мүмкіндік берсе деймін. Өйткені бұл мектепте бес жыл білім алып келдім", - дейді мектептен шығып қалған оқушы.
Іле-шала Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин де әлеуметтік желідегі парақшасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, мектеп ережесі бойынша ұялы телефонмен емтиханға кіру - өрескел заңбұзушылық.
"11-сынып оқушысы академиялық адалдық ережесін бұзып, емтихан кезінде ұялы телефон қолданған. Бұл – мектепте қатаң тыйым салынған әрекет. Мұндай жағдайға жол берілмейтіні туралы оқушылар мен ата-аналарға үнемі ескертіліп тұрады. Телефон тәртіпке сай тәркіленген сәтте оқушы агрессия танытып, мұғалімге бейәдеп сөз айтып, балағаттаған. Соның ішінде "ш...ва" деген сөз қолданылған. Бұл жағдай басқа оқушылардың көзінше болған, дәлелдер де бар", – деді Жанғозин.
Сондай-ақ бұл оқушының бұрын да тәртіпсіздік танытқанын айтты.
"Бұл жағдайды жан-жақты қарап, қажет қорытынды шығарамыз. Бірақ болған жағдай үшін мектепті ғана кінәлау дұрыс емес. Мұндайда отбасының, қоғамның да жауапкершілігі бар екенін естен шығармау керек", – дейді Әнуар Жанғозин.
Ал заңгерлер оқушыны бұлай жазалау мектеп тарапынан жіберілген қателік дейді.
"Бұл жағдайға қатысты мектеп директоры іле-шала түсінік берді. Айтуынша, оқушы бұған дейін де тәртіпсіздік жасаған. Бірақ... Бірақ ол туралы шығарылған бұйрық жоқ. Тәртіп бұзғандықтан деп бұйрық жасап, мектептен шығарған. Менің ойымша, Назарбаев зияткерлік мектебінде сауатты мамандар жұмыс істеуі керек. Бұйрықта бір ғана заң бұзушылық туралы жазылған. Бұдан бұрыңғы оқушының тәртібі туралы ешнәрсе жазбаған. Енді тағы бір түйткілді жағдай – оқиға туралы ешбір нақты дәлел жоқ. Директордың айтқаны, мұғалімнің айтқаны, бәрі тек – сөз", - дейді адвокат Жанкелді Сүлейменов.
Адвокаттың айтуынша егер балағаттаса ол үшін айыппұл қарастырылған.
"Үшінші мәселе – мектептің өзіндік жарғысының өзі заң аясында жасалу керек. Әркім өзіне ыңғайлы заң жасауға еш құқы жоқ. Мектептің өзі ойлап тауып алған ереже тікелей адам өміріне нұқсан келтіріп тұр. Соттың өзі бірнеше айлап істі қарайды, ал үш күнде оқушының тағдырын шеше салу – еш ақылға сыймайтын шешім", - дейді Жанкелді Сүлейменов.
Еуразиялық құқық қорғау ұйымының төрағасы Жаслан Аймағамбетов оқушыны мектептен шығаратын жағдайлар Назарбаев зияткерлік мектептерінде болып тұрады дейді. Соның бірі – Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі.
"Қарағанды қалалық ауданаралық сотында Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысына қатысты іс қаралды. Зияткерлік мектеп бір жыл бойы оқушыны мектепке кіргізбеген. Сот оқушының құқын қорғады. Қазіргі уақытта Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыға, қалалық соттың шешімен қарсы шығып, Жоғарғы сотқа шағым түсіріп жатыр. Бірақ баланың құқы қорғалып, ол мектебіне қайта оралды. Сонда зияткерлік мектеп оқушыны мектеп формасын кимеді деп айыптаған", - дейді Еуразиялық құқық қорғау ұйымының төрағасы Жаслан Аймағамбетов.
Ұйым төрағасына дәл осындай тағы бір шағым түскен. Онда бес күн қатарынан емтихан тапсырған бала әбден шаршап, дұрыс нәтиже көрсете алмаған. Енді оқушыны зияткерлік мектептен шығару қаупі төніп тұр. Оқушының ата-анасы сотқа шағымданбақ.