Мектеп түлегінен 4 млн теңге ақша бопсалағандар сотталды

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуМектеп түлегінен ақша бопсалағандар 10 жылға сотталды
Мектеп түлегінен ақша бопсалағандар 10 жылға сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Олар жәбірленушіден алдымен 20 млн теңге талап еткен
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Астанада кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуртураға сілтеме жасап.
Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасында қомақты ақша бар екенін біліп, алдымен 20 млн теңгені талап еткен. Мектеп түлегіне психологиялық қысым жасап, атыс қаруын да көрсеткен. Сөйтіп, сұраған соманың бір бөлігін, 4 млн теңгені алған.
Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алғанда ұсталды. Артынан қылмысқа қатысқан тағы екеуі құрықталды. Сотта төртеуінің кінәсі толық дәлелденді. Соттың үкімімен қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді", - дейді прокурорлар.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кетері, қылмыстық кодексінің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, белгілі бір жағдайларда бұл қылмыс үшін жауапкершілік 14 жастан басталады. Ал көрсетілген жасқа жетпегпен адам жасаса, оның әрекеттері үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды
Жаңалықтар
0