LRT диспетчерлерін оқытуға қабылдау басталды

© Photo : Акимат АстаныLRT вагондары
LRT вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Компания барлық шығынды өз мойнына алып отыр
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Астанадағы "City Transportation Systems" компаниясы LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
LRT құрамдары толықтай автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейді. Ал диспетчерлер оны қашықтан басқарып отырады.
Диспетчерлердің негізгі міндеттері:
– шұғыл басқару мен диспетчерлеуді жүзеге асыру;
– LRT жылжымалы құрамның қозғалыс режимін түзету туралы уақтылы шешімдер қабылдау;
– жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету.
Оқыту Астана қаласында және Қытай Халық Республикасында өтеді. Оқу мерзімі – 6 айға дейін. Компания барлық шығынды өз мойнына алып отыр.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
Көлік, теміржол көлігі саласындағы жоғары білім;
Көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде кемінде 6 ай диспетчер/оператор лауазымындағы қызмет.
Оқу кезінде бес күндік жұмыс аптасы болады. Апта сайын екі күндік демалыс беріледі. Ал жұмысқа қабылдағаннан кейін ауысымдық жұмыс кестесі болады.
Айта кетері, түйіндемелер "CTS" компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады.
Церемония отгрузки первых двух вагонов LRT в Астану состоялась в Таншане, Китай. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Қытайдан Астанаға алғашқы LRT вагондары жөнелтілді
Жаңалықтар
0