https://sputnik.kz/20250527/elimizde-qolma-qol-aqshasyz-tolemderdin-ulesi-85-payyzga-zhetti--toqaev-53934483.html
Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызға жетті – Тоқаев
Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызға жетті – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ұлттық банкі аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T14:55+0500
2025-05-27T14:55+0500
2025-05-27T14:55+0500
қасым-жомарт тоқаев
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53934573_0:66:3406:1982_1920x0_80_0_0_e5e26b2fbff703d0ed073c0627608272.jpg
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.Мемлекет басшысы жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгенін атап өтті.Оның айтуынша жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250521/toqaev-biz-turki-birligin-nygaytamyz-53756154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53934573_338:0:3069:2048_1920x0_80_0_0_03a1e90791087cbb815ef2c148e3a693.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түркі мемлекеттері ұйымы
қасым-жомарт тоқаев, түркі мемлекеттері ұйымы
Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызға жетті – Тоқаев
Қазақстанның Ұлттық банкі аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.
"Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді", – деді президент.
Мемлекет басшысы жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгенін атап өтті.
"Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді", – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланып отыр.