https://sputnik.kz/20250527/astanada-tmu-ga-mushe-elderdin-ortalyq-bank-okilderi-kezdesti-53938608.html
Астанада ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банк өкілдері кездесті
Астанада ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банк өкілдері кездесті
Sputnik Қазақстан
Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді, деді президент 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T15:56+0500
2025-05-27T15:56+0500
2025-05-27T16:49+0500
ақорда
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53935316_16:0:1264:702_1920x0_80_0_0_5b4f54f8452d510e82da1d0ccc0ba45a.jpg
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Астанада Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық ұлттық банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.Жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекет басшылары ынтымақтастықты тереңдету туралы айтқан болатын. Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына сенім білдірді.Жиында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Әзербайжан Орталық банкінің төрағасы Талех Тахир оглы Кязимов, Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Мелис Тургунбаев, Түркия Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметов және Мажарстан Орталық банкінің атқарушы директоры Габор Соч сөз сөйледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53935316_172:0:1108:702_1920x0_80_0_0_cd5f4f2ca78b24b27c56d954de54ada4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, президент
Астанада ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банк өкілдері кездесті
15:56 27.05.2025 (жаңартылды: 16:49 27.05.2025) Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді, деді президент
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Астанада Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық ұлттық банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды
Ақорда.
Жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекет басшылары ынтымақтастықты тереңдету туралы айтқан болатын. Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.
"Біздің елдеріміздің әлемдік ішкі жалпы өнімдегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді', – деді президент.
Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.
Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына сенім білдірді.
Жиында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Әзербайжан Орталық банкінің төрағасы Талех Тахир оглы Кязимов, Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Мелис Тургунбаев, Түркия Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметов және Мажарстан Орталық банкінің атқарушы директоры Габор Соч сөз сөйледі.