Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Жазылу
АЛМАТЫ, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстан СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті жағдайы мен даму перспективалары, биік және жоғары деңгейдегі кездесулер қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Тараптар сондай-ақ биыл жоспарланған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.
Жаңалықтар
0