https://sputnik.kz/20250527/13-kolikti-zansyz-iemdengen-zhetisuda-iri-alayaqtyq-qylmys-ashkerelendi-53922436.html
13 көлікті заңсыз иемденген: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді
13 көлікті заңсыз иемденген: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді
Sputnik Қазақстан
Материалдық шығын 314 млн теңге 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T10:57+0500
2025-05-27T10:57+0500
2025-05-27T10:57+0500
жетісу
полиция
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53921264_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_9bf97d8408b3913c52ae990dbced84f4.jpg
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz. Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Алаятық әрекет мұнымен тоқтамаған. Олар көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерді де алдаған. Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысып, сан соғып қалды. "Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және Li 9 (2 автокөлік). Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген", - дейді Polisia.kz. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20241220/145-mln-tenge-zalal-kelgen-koreyadan-kolik-aldyrmaq-bolgandar-aldanyp-qaldy-49422695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1b/53921264_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_d2f6d3cc6da7476e94ad81fd2abee184.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, полиция, алаяқтық
жетісу, полиция, алаяқтық
13 көлікті заңсыз иемденген: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді
Материалдық шығын 314 млн теңге
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды
Polisia.kz. Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
"Алаяқтардың алғашқы құрбаны Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп беруге келісіп, нәтижесінде алты көлігін алып кеткен. Бұл Jetour үш автокөлігі, Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L. Кейін бұл көліктер Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп, таныстарына сатқан, делінген хабарламада.
Алаятық әрекет мұнымен тоқтамаған. Олар көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерді де алдаған. Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысып, сан соғып қалды.
"Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және Li 9 (2 автокөлік). Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген", - дейді
Polisia.kz. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды.