Жалақы мен еңбек тәжірибесі: Астанада "жасыл ел" маусымы ашылады

© Photo : Астана қаласының әкімдігі"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының маусымы ашылады
Жасыл ел жастар еңбек жасағының маусымы ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
"Жасыл ел" аясында биыл 14 пен 35 жас аралығындағы 5200 қатысушыны жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. "Жасыл ел" экологиялық жастар жобасы биыл да елордадағы мыңдаған мектеп оқушысы мен студенттердің басын қосады. Жаңа еңбек маусымының ашылуы 27 мамыр күні сағат 17:00-де Амфитеатр алаңында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.
"Бағдарлама 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және жастар арасында экологиялық мәдениетті, еңбекқорлықты, отансүйгіштікті дамытуға бағытталған. Биылғы маусымда елордада "Жасыл ел" аясында 14 пен 35 жас аралығындағы 5200 қатысушыны жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Қатысушылар мына бағыттарда еңбек етеді:
орман және коммуналдық шаруашылықтарда,
мектептердің, саябақтар мен скверлердің аумағында;
жасыл желектерді отырғызу және күтіп-баптау жұмыстарымен айналысады;
сенбіліктер мен қалалық іс-шараларға қатысады.
Жастарға 64 564 теңге мөлшерінде жалақы және арнайы "Жасыл ел" формасы беріледі. Кәмелет жасқа толмағандар еңбек кодексіне сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтіндей аптасына 5 күн, күніне 4 сағаттан артық жұмыс істемейді.
Жоба тамыз айында аяқталған соң, еңбек маусымының жабылу салтанаты өтеді. Онда ең үздік белсенділер мен командирлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Стильная униформа появилась у бойцов Жасыл ел - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2024
Қазақстанда "Жасыл ел" еңбек жасағының жазғы маусымы басталды
Жаңалықтар
0