ҰҚШҰ операциясы кезінде бес күнде 636 есірткі қылмысы анықталды

© Photo : Объединенный штаб ОДКБРуководители антинаркотических ведомств Казахстана, Кыргызстана и Беларуси подвели итоги операции ОДКБ
Руководители антинаркотических ведомств Казахстана, Кыргызстана и Беларуси подвели итоги операции ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Операцияға 17 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь есірткіге қарсы ведомстволарының басшылары жиналды.
Олар ҰҚШҰ-ның 19-23 мамыр аралығында мемлекеттер аумағында өткен "Канал-Горный форпост" операциясын қорытындылады.
Оған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау құрылымдары, шекара және кеден қызметтері, мемлекеттік қауіпсіздік органдары, қаржылық барлау бөлімшелері жұмылдырылды. Бақылаушылар - Иран мен ҚХР құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өкілдері және басқа ұйымдар.
"Операцияның мақсаты - ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағында есірткі арналарын жабу, халықаралық трансұлттық есірткі топтарын бейтараптандыру, жасырын есірткі өндірістерін жою, сондай-ақ есірткі бизнесінің экономикалық негіздеріне нұқсан келтіру болып белгіленді", - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Операцияға 17 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. 636 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде контрабанданың 13 фактісі және 103 есірткі тобы ашылды. Есірткі табысын заңдастырудың төрт фактісі тіркеліп, 47 құқық бұзушылық анықталды. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 405 адам ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша операция барысында заңсыз айналымнан 1 тонна 742 килограмнан астам есірткі, психотроптық заттар тәркіленді. Олардың ішінде:
350 кг-нан астам марихуана;
188 кг-нан астам гашиш;
298 кг апиын;
832 кг-нан астам мефедрон;
31 кг героин;
341 кг прекурсорлар.
Сондай-ақ есірткі туралы тыйым салынған ақпаратты таратқан 955 сайт анықталды. 34 атыс қаруы мен 1,3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, іздеуде жүрген 463 адам ұсталды.
Іс-шара аясында Қырғызстанның пилотсыз авиациялық жүйелерді практикалық қызметке енгізу бойынша табысты тәжірибесі ұсынылды.
"Мемлекеттік шекараның биік таулы және қол жетпейтін учаскелерін күзетуге ПҰА интеграциясының мысалдары, есірткіге қарсы операцияларда аэровизуалды мониторинг жүргізу, сондай-ақ БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы операторларды даярлау және сертификаттау жүйесін ұйымдастыру ерекше қызығушылық тудырды", - деп атап өтті ҰҚШҰ.
Сондай-ақ жиында трансшекаралық есірткі бизнесіне қарсы күрестің озық тәжірибелерін алмасты.
Жаңалықтар
0