Тоқаев мұнайшы мен хирургке орден табыстады

© Photo : АкордаТокаев вручил государственные награды нефтянику и хирургу
Токаев вручил государственные награды нефтянику и хирургу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мұнайшы мен хирургке мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа "Отан" ордені, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі "Барыс" ордені салтанатты түрде тапсырылды.
© Photo : АкордаПрезидент Равиль Шырдабаевқа "Отан" орденін тақты
Токаев вручил государственные награды нефтянику и хирургу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Президент Равиль Шырдабаевқа "Отан" орденін тақты
Тоқаев әрбіреуінің мемлекеттігімізді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Равиль Шырдабаев, әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңірді.
"Сіздің бастамаңызбен бұл сала жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. Министр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еттіңіз. Дипломатия саласында жұмыс істеп, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға атсалыстыңыз. Сондай-ақ сіз – мұнай өндірісіне арналған бірнеше ғылыми еңбектің авторысыз. Халқымыз "Еңбегімен ер сыйлы" деген. Сіздің ерен еңбегіңіз – өскелең буын үшін үлгі-өнеге", – деді мемлекет басшысы.
Ал Серік Тоқпанов "алтын қолды хирург" ретінде саналы ғұмырын ұлт саулығына арнады. Денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді
© Photo : АкордаСерік Тоқпановқа I дәрежелі "Барыс" ордені табысталды
Токаев вручил государственные награды нефтянику и хирургу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Серік Тоқпановқа I дәрежелі "Барыс" ордені табысталды
"Дәрігер болу – мамандыққа адал болу деген сөз. Бұл – жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Сіз еңбек жолыңызда аса күрделі оталар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалдыңыз. Нағыз жанашыр дәрігер болдыңыз. Қазақстанның медицина ғылымын дамытуға орасан зор үлес қостыңыз", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Осы орайда президент бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат халықтың шынайы ықыласы және зор алғысы екенін жеткізді.
Токаев наградил Мирзиёева орденом Алтын кыран (Золотой орел) - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Тоқаев Өзбекстан басшысына орден тақты
Жаңалықтар
0