Қазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты

© Photo : Сауда және интеграция министрлігіҚазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты
Қазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Бұл — сауда байланыстарын кеңейтуге, қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге және іскерлік диалогты нығайтуға зор мүмкіндік
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Қазақстан алғаш рет Батыс Қытайдың ең ірі көрмесі - Western China International Fair (Сибо) аясында ұлттық павильонын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне жасап.
© Photo : Сауда және интеграция министрлігіҚазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты
Қазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Қазақстан алғаш рет Қытайдың ең ірі көрмесінде өз павильонын ашты
Қазақстан павильоны заманауи әрі минималистік үлгіде безендірілген. Онда еліміздің көлік-логистика, қаржы, агроөнеркәсіп, экспорт секторы сынды экономиканың негізгі бағыттарымен танысуға болады. Павльонды сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев те аралап шықты. Одан кейін бірқатар келіссөздер жүргізді.
"Сибо – біз үшін жай ғана көрме емес, стратегиялық маңызы бар алаң. Бұл — сауда байланыстарын кеңейтуге, қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге және іскерлік диалогты нығайтуға зор мүмкіндік", — дейді Шаққалиев.
Қазіргі кезде Қазақстаннан көрші елге бидай, арпа, бал, сүт өнімдері, ет және майлы дақылдарды қоса алғанда агроөнімдердің 29 түрін экспорттауға болады. Осы тізімді тағы 10 позицияға кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Экологиялық таза және жаңа өнімдерді жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде салқындатылған ет, су биоресурстары, бие сүті, жұмыртқа және қытайлық тұтынушының сұранысына жауап беретін басқа да тауарлар бар", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бүгінде Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін жүктердің 80 проценттен астамы Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр. Жақын арада жылдық өткізу қабілеті 50 млн тоннаға дейін жететін үшінші теміржол дәлізін іске қосу жоспарланып отыр.
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды
Жаңалықтар
0