ЕАЭО-ның техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді

© Photo : Пресс-служба акима ЮКОПодключение к сети газоснабжения
Подключение к сети газоснабжения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Өзгерістер табиғи газдың сәйкестігін бағалау саласындағы проблемаларды реттеуге арналған
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Регламентке енгізілген өзгерістер табиғи газдың сәйкестігін бағалау саласындағы проблемаларды реттеуге арналған. Осыған байланысты одақ нарығында өнімнің сәйкестігі мен айналымын бағалау рәсімдері, жекелеген анықтамалар мен формулалар нақтыланып отыр.
"Газ жеткізушілердің газ сапасының паспортын ресімдеу кезінде зертханалық құралдармен қатар ЕАЭО елдері заңнамасының талаптарына жауап беретін ағындық (өнеркәсіптік) өлшеу құралдарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, газ сапасының паспортын алуға қажетті сынақтарды үш жолмен жасауған болады. Олар: жеке сынақ зертханасы, жеткізушінің ағындық өлшеу құралдары немесе одақтың бірыңғай тізіліміне кіретін зертхана.
Бұдан бөлек, техникалық регламентті қолдану саласынан өндіруші тек өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын табиғи газ, сондай-ақ үшінші елдердің тұтынушыларына транзиті үшін шетелдік өндірілген газ алынып тасталды.
Жаңалықтар
0