Үсік, бұршақ, жаңбыр: республиканың басым бөлігінде ескерту жарияланды

© Photo : СС0 / oldpermЗаморозки
Заморозки - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазгидромет" РМК деректері бойынша елдің басым бөлігінде үсік, жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтілуде.
25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде үсік жүреді. 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, 26 мамырда 1-6 градус үсік болжанып отыр.
Астана қаласында 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

25 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус, 26 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
26 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болжанып отыр.
26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.
27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Жаңалықтар
0