Науқастар бұрын 2-3 апта күтетін: Жамбыл облысында экспресс-гистология іске қосылды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАрхивное фото капельницы
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында экспресс-гистология іске қосылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл - онкологиялық ауруларды анықтауда аса маңызды диагностикалық әдіс.
Министрліктің айтуынша, экспресс-гистология орталық директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен жүзеге асқан.
"Орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше науқасқа ем тағайындау да мүмкін болмайтын", - дейді ведомство.
Экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.
Орталық мамандары әдісті меңгеру бойынша біліктілігін жетілдірген.
Врач изучает документы пациента во время медицинского осмотра, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Денсаулық
Өкпе обыры көбейді: қазақстандықтар скринингтен тегін өте алады
Жаңалықтар
0