https://sputnik.kz/20250525/aqmola-zhane-pavlodar-oblystarynda-shagyn-vokzaldar-zhangyrtylady-53866312.html
Ақмола және Павлодар облыстарында шағын вокзалдар жаңғыртылады
Ақмола және Павлодар облыстарында шағын вокзалдар жаңғыртылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Ақмола және Павлодар облыстарында шағын теміржол вокзалдары жаңғыртылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі. 25.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-25T16:59+0500
2025-05-25T16:59+0500
2025-05-25T20:36+0500
ақмола облысы
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/19/53864969_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_f157dbb3cb0281b8ba9924a8ed00c99c.jpg
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Ақмола және Павлодар облыстарында шағын теміржол вокзалдары жаңғыртылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.Қазақстанда шағын вокзалдардың өткізу қабілеті сағатына 20-дан 200 адамға дейін жетеді. Министрліктің мәліметінше, шалғайдағы теміржол вокзалдарында модернизация басталды. Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы, Павлодар облысында 5 вокзал жаңғыртылады.Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола облысындағы Ерейментау теміржол вокзалы мен Павлодар облысындағы Шідерті, Ақсу, Қалқаман және Қарасора вокзалдарына барып, басталып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Инженерлік желілер - су құбыры және кәріз, электр жабдықтары, жылу, желдету, байланыс желілері толығымен жаңартылады. Теміржол вокзалы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту үшін демалыс бөлмелері қарастырылды.
https://sputnik.kz/20250312/vokzal-men-auezhaylarda-qosymsha-qauipsizdik-sharalary-engiziledi-51551520.html
ақмола облысы
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/19/53864969_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_7a8f456623090f6baf7fd08bb01ad5a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, павлодар облысы
ақмола облысы, павлодар облысы
Ақмола және Павлодар облыстарында шағын вокзалдар жаңғыртылады
16:59 25.05.2025 (жаңартылды: 20:36 25.05.2025) АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Ақмола және Павлодар облыстарында шағын теміржол вокзалдары жаңғыртылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Қазақстанда шағын вокзалдардың өткізу қабілеті сағатына 20-дан 200 адамға дейін жетеді. Министрліктің мәліметінше, шалғайдағы теміржол вокзалдарында модернизация басталды. Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы, Павлодар облысында 5 вокзал жаңғыртылады.
Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола облысындағы Ерейментау теміржол вокзалы мен Павлодар облысындағы Шідерті, Ақсу, Қалқаман және Қарасора вокзалдарына барып, басталып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
"Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында 125 вокзал қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Шағын вокзалдар назардан тыс қалған жоқ. Олар жолаушыларға да, вокзал жұмысшыларына да жайлы бола түспек. Мердігерлер жартылый демонтаж жұмыстарын жүргізіп, нысандардың сырты мен ішін қалпына келтіріп, әрлеу жұмыстарын жүргізеді", - деді Марат Қарабаев.
Инженерлік желілер - су құбыры және кәріз, электр жабдықтары, жылу, желдету, байланыс желілері толығымен жаңартылады. Теміржол вокзалы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту үшін демалыс бөлмелері қарастырылды.