https://sputnik.kz/20250524/qoqysty-qalay-bolsa-solay-tastaytyn-adamdar-bar--berik-uali-53852156.html
Қоқысты қалай болса солай тастайтын адамдар бар – Берік Уәли
Қоқысты қалай болса солай тастайтын адамдар бар – Берік Уәли
Sputnik Қазақстан
Сана тазармай, қала тазармайды, деді өңір басшысы 24.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-24T11:42+0500
2025-05-24T11:42+0500
2025-05-24T11:42+0500
қоқыс
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288562_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_1b091a1303f70084ff5909a99db39b60.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Абай облыс әкімінің Берік Уәли өңір шенеуніктерін тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол әр аудан мен қала көшелерінде қоқыс тастауға болмайтынын ескертетін арнайы белгілер орнатып, тәртіп сақшыларымен тұрақты түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі алдағы уақытта аудан-қала әкімдерінің қызметі тазалық жұмыстарының нәтижесімен де бағаланатынын жеткізді.Аппарат басшысына тазалық бойынша берілген тапсырмаларды мерзімінде орындамаған аудан, қала әкімдіктерінің жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарау тәжірибесін енгізуді, аппарат инспекторларына аудандарға шығып, бағдарламаның орындалуын тұрақты бақылап, нәтижесін баяндап отыруды тапсырды.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288562_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_a77b05a363f0b88d0b01f682574162fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс, абай облысы
Қоқысты қалай болса солай тастайтын адамдар бар – Берік Уәли
Сана тазармай, қала тазармайды, деді өңір басшысы
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Абай облыс әкімінің Берік Уәли өңір шенеуніктерін тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекеттік қызметкерлердің әр апта сайын сенбілікке шығып, облыс орталығының тазалығына үлес қосып жатқаны қуантады. Алайда олардың еңбегін бағаламай, қоқысты қалай болса солай тастайтын адамдар бар. Сана тазармай, қала тазармайды. Біз тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруымыз керек", - деді аймақ басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасына арналған отырыста.
Ол әр аудан мен қала көшелерінде қоқыс тастауға болмайтынын ескертетін арнайы белгілер орнатып, тәртіп сақшыларымен тұрақты түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.
"Тәртіпке бағынбаған тұрғындарға заң аясында тиісті шара қолданылатын болады. Тазалық акциясы өңірдің барлық ауылдарын қамтуы керек. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстарымызға қала және аудан тұрғындары оң баға беруде. Сол себепті бұл бағыттағы жұмысымызды осы қарқында жалғастыруымыз қажет", - деді ол.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі алдағы уақытта аудан-қала әкімдерінің қызметі тазалық жұмыстарының нәтижесімен де бағаланатынын жеткізді.
Аппарат басшысына тазалық бойынша берілген тапсырмаларды мерзімінде орындамаған аудан, қала әкімдіктерінің жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарау тәжірибесін енгізуді, аппарат инспекторларына аудандарға шығып, бағдарламаның орындалуын тұрақты бақылап, нәтижесін баяндап отыруды тапсырды.