Ішкі істер министрлігі ата-ананың жиі жіберетін 5 қателігін атады

Жазылу

Ішкі істер министрлігі ата-ананың жиі жіберетін 5 қателігін атады

Ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ересектердің бес қателігі:

▪Балаларды қараусыз қалдыру. Мұндай жағдайда терезеден құлап кетуі, жол апатына ұшырауы, суға батып кетуі мүмкін.

▪Баланың кіммен араласатынын қадағаламау. Жаман ортаға түсіп, психоактивті заттарды қолдануы ықтимал.

▪Отбасындағы жанжал. Әдетте үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық баланың бойында сенімсіздік, ынжықтық мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болады.

▪Интернет пен гаджеттерге еркін қол жеткізуі. Бала тыйым салынған контентті көріп, күмәнді адамдармен байланыс орнатуы мүмкін.

▪Тәрбиелеу функциясын ұмыту және жеке үлгінің маңызын елемеу. Ата-аналар баланың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі түсінеді деп қате ойлайды.

@sputnik_aitady

Жаңалықтар
0