Тауарлық газдың шекті көтерме бағасы бекітілді
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаГаз қондырғысы

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Жазылу
Бұл ретте халыққа арналған түпкілікті бөлшек сауда тарифтері бөлек қалыптастырылады
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Энергетика министрлігі жеке бұйрықпен Қазақстанда тауарлық газдың жаңа шекті көтерме бағаларын бекітті.
Жаңа баға 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді.
Өңірлерде ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлер үшін тауарлық газдың ең жоғары көтерме бағалары мынандай:
Астана және Ақмола облысы – 72 846 теңге;
Алматы және Алматы облысы – 76 686 теңге;
Шымкент – 71 122 теңге;
Ақтөбе облысы – 54 933 теңге;
Атырау облысы – 41 993 теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 55 365 теңге;
Жамбыл облысы 70 639 теңге;
Жетісу облысы – 76 686 теңге;
Қарағанды облысы – 72 846 теңге;
Қостанай облысы – 62 951 теңге;
Қызылорда облысы – 59 179 теңге;
Маңғыстау облысы – 57 649 теңге;
Түркістан облысы – 71 122 теңге;
Ұлытау облысы – 72 846 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 13 069 теңге.
Бұл ретте халыққа арналған түпкілікті бөлшек сауда тарифтері бөлек қалыптастырылады. Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.