Оқу-ағарту министрі: "Мұғалім – мектептің жүрегі"

© Sputnik / Санат ИмангалиевҒани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Биыл елде 217 мың оқушы мектепті және 173 мың студент колледжді бітіріп жатыр
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2024-2025 оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ғани Бейсембаев мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жеткен 257 жаңа мектеп ашылғанын айтты.
"Оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленіп, оның 41-і — алтын медаль болды. Ел тарихында алғаш рет колледж студенттерінен құралған Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында зор табысқа жетіп, 7 медальон иеленді. Мұның барлығы — отандық білім беру жүйесіндегі жүйелі реформалар мен қажырлы еңбектің нақты жемісі", — деді министр.
Ол педагогтердің жетістіктеріне жеке тоқталып, биыл білім беру саласында алғаш рет бірден екі педагог "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғанын еске салды.
"Сіздер – мектептің жүрегі, білім мен тәрбиенің алтын арқауысыздар. Академиялық біліммен қатар, шәкірттеріңізге ұлттық құндылықтарды дарытып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер", — деген Ғани Бейсембаев ұстаздарға еңбегі үшін алғыс ілдірді.
Сондай-ақ министр барлық ата-аналарға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, 217 мың мектеп бітіруші мен 173 мың колледж түлегіне жарқын болашақ тіледі.
Соңғы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Соңғы қоңырау жұма-сенбі күндері өткізіледі
Жаңалықтар
0