Ақтөбе облысында ата-анасымен бірге демалып жүрген бала өзенге батып кетті

© Photo : CC0 / Free-PhotosРебенок в воде
Ребенок в воде - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Баланың мәйіті жағадан 5 метр жерден табылған
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында жас бала Елек өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 мамырда Електегі "Семейный" демалыс базасында болған. 5 жасар бала отбасылық демалыста ересектермен бірге болған.
"Сүңгуірлер баланың денесін 2 метр тереңдіктен алып шықты", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Баланың мәйіті жағадан 5 метр жерден табылған.
Ақмола облысында ер адам көлігімен өзенге батып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Ақмола облысында ер адам көлігімен өзенге батып кетті
Жаңалықтар
0