https://sputnik.kz/20250522/zelenskiydin-kensesi-qaqtygysty-toqtatuga-qatysty-shart-qoydy-53789243.html
Зеленскийдің кеңсесі қақтығысты тоқтатуға қатысты шарт қойды
Зеленскийдің кеңсесі қақтығысты тоқтатуға қатысты шарт қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Тұтқын алмасудан кейін ғана Ресеймен келіссөзді жалғастыруға мүмкіндік болады, деді Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей... 22.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-22T17:17+0500
2025-05-22T17:17+0500
2025-05-22T17:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Тұтқын алмасудан кейін ғана Ресеймен келіссөзді жалғастыруға мүмкіндік болады, деді Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram каналында.Ресей мен Украина арасындағы алдыңғы тікелей байланыс өткен жұмада Ытанбұлда өтті, кездесу екі сағатқа созылды. Ресей делегациясын басқарып барған президент көмекшісі Владимир Мединский Украинамен тұтқын айырбастау туралы кең ауқымды – "1000-ға 1000" форматын жариялады. Бұған қоса, Мәскеу мен Киев атысты тоқтату туралы өз көзқарасын білдіруге келісті.Украина тарапы келіссөздер барысында мемлекет басшыларының кездесуін сұрады. Мәскеу мұны ескеретінін мәлімдеді. Мединский Ресейдің диалогты жалғастыруға дайын екенін де атап өтті.Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ лидері Дональд Трамп дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылады. Ресей басшысының айтуынша, әңгіме екі сағаттан астам уақытқа созылған. Ол сондай-ақ Мәскеу Киев тарапымен меморандум бойынша жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250519/zhalpy-durys-zholda-kele-zhatyrmyz-putin-tramppen-eki-sagat-soylesti-53687642.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленскийдің кеңсесі қақтығысты тоқтатуға қатысты шарт қойды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Тұтқын алмасудан кейін ғана Ресеймен келіссөзді жалғастыруға мүмкіндік болады, деді Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram каналында.
"Біздің ұстанымымыз анық: бірінші қадам "1000-ға 1000" форматында тұтқын айырбастау туралы келісім болуы керек. Екінші қадам – Ресей өкілдерімен келесі кездесудің орнын анықтау", - деп жазды Ермак.
Ресей мен Украина арасындағы алдыңғы тікелей байланыс өткен жұмада Ытанбұлда өтті, кездесу екі сағатқа созылды. Ресей делегациясын басқарып барған президент көмекшісі Владимир Мединский Украинамен тұтқын айырбастау туралы кең ауқымды – "1000-ға 1000" форматын жариялады. Бұған қоса, Мәскеу мен Киев атысты тоқтату туралы өз көзқарасын білдіруге келісті.
Украина тарапы келіссөздер барысында мемлекет басшыларының кездесуін сұрады. Мәскеу мұны ескеретінін мәлімдеді. Мединский Ресейдің диалогты жалғастыруға дайын екенін де атап өтті.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ лидері Дональд Трамп дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылады. Ресей басшысының айтуынша, әңгіме екі сағаттан астам уақытқа созылған. Ол сондай-ақ Мәскеу Киев тарапымен меморандум бойынша жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.