Кеденде тез бұзылатын жүктер үшін жеке кезек енгізіледі

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото
Шлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Шекарада жүк көлігі үшін электронды кезектің жұмысы жетілдіріледі
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстандағы кедендік өткізу пункттерінде тез бұзылатын, қауіпті жүктер мен жануарлар үшін жеке кезек енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Сонымен қатар Қазақстан шекарасында жүк көлігі үшін электронды кезектің жұмысын жетілдіру көзделген.
Кездесуде тасымалдаушылар, прокурорлар, "Атамекен" ҰКП өкілдері және жүйені әзірлеушілермен жобалық құжаттарға түзетулер енгізу мәселесі талқыланды.
Кездесуде талқылаған мәселелер:
электронды кезектегі слотты брондау құнын белгілеу;
жүктердің жекелеген санаттары үшін басым кезектерді енгізу (тірі жануарлар, тез бұзылатын тауарлар, қауіпті жүктер, экспорттық өнім);
брондау және бақылау рәсімдерін жетілдіру.
Кездесуге қатысқан тараптар шекарадан өтуді жеделдету және сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушысы үшін пайдалы тепе-теңдікті іздеу керек екенін айтты.
Автомобильный пункт пропуска Капланбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Қазақ-өзбек шекарасында модернизацияланған өткізу пункттері ашылды
Жаңалықтар
0