https://sputnik.kz/20250522/eki-mynga-zhuyq-avtokolik-zansyz-tirkelgen-53787654.html
Екі мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген
Екі мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген
Sputnik Қазақстан
Тергеу нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді 22.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-22T16:39+0500
2025-05-22T16:39+0500
2025-05-22T16:39+0500
автокөлік
тіркеу
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_0:86:1616:995_1920x0_80_0_0_09f022432ccba719d7d69845dace7925.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі көліктерді заңсыз тіркегендердің 968 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салды. Олардың ішінде полицейлер мен нотариустар да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде заң бойынша жаңа автокөліктерге шығарылған жылына қарай бастапқы тіркеу алымдарының мөлшерлемесі төмендетіледі.Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы үш жылда 88 қылмыстық істі тергеді. Барлығы 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгені құрады.Жалпы, 70 адам күдікті деп танылды. Олардың қатарында әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері мен нотариустар бар.Тергеу нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді. Сонымен қатар құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды.Осы іс бойынша мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңгені құрайтын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге ақшалай қаражат тәркіленді.
https://sputnik.kz/20240223/kokshetauda-70-ke-zhuyq-shetel-koligi-zansyz-tirkelgen--qylmystyq-skhema-ashkerelendi-42457125.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_42b8c36d4e2b32543eae5d89baedb24a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, тіркеу
Екі мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген
Тергеу нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі көліктерді заңсыз тіркегендердің 968 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салды. Олардың ішінде полицейлер мен нотариустар да бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгінде заң бойынша жаңа автокөліктерге шығарылған жылына қарай бастапқы тіркеу алымдарының мөлшерлемесі төмендетіледі.
Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы үш жылда 88 қылмыстық істі тергеді. Барлығы 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгені құрады.
Жалпы, 70 адам күдікті деп танылды. Олардың қатарында әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері мен нотариустар бар.
Тергеу нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді. Сонымен қатар құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды.
"Мысалы, Ақмола облысында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері бар топқа қатысты үкім шығарылды. Олар 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 55 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеу арқылы мемлекетке 401 млн теңге көлемінде залал келтірген. Сот оларды 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды", - дейді агенттік мамандары.
Осы іс бойынша мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңгені құрайтын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге ақшалай қаражат тәркіленді.