Алматыда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновЕңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Мегаполисте бүгінде 695 мыңнан астам жас азамат тұрады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қалалық жастар саясаты басқармасы жұмыссыздықты азайту және жастарды жұмыспен қамту бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі - Jasalmaty.kz порталы.
"Биыл жыл басынан бері бұл платформа 3,5 мың жасқа тұрақты жұмыс табуға көмектесті. Платформада 5 мың компаниядан 7 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қалалық мансап орталығы да жастарға белсенді түрде көмектесіп келеді, дейді әкімдіктегілер.
Жыл басынан бері 7,5 мың адам көмек сұрап жүгінген, оның ішінде 5,7 мыңы жұмысқа орналасқан. Орталықтың қызметтері қаладағы комьюнити-орталықтарда қолжетімді.
Айта кету керек, қалада 695 мыңнан астам жас тұрады, олардың 442 мыңы еңбекпен қамтылған.
Квотадан тыс жұмыс істей алатын шетелдіктер санатының тізімі өзгертілмек - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Квотадан тыс жұмыс істей алатын шетелдіктер санатының тізімі өзгертілмек - министрлік
Жаңалықтар
0