Дженнифер Лопестің екінші концерті де үлкен мәселеге тап болды
11:06 22.05.2025 (жаңартылды: 09:58 28.05.2025)

© Рамиль Ситдиков
Жазылу
Күні кеше әншінің 10 тамыз күні Алматының орталық стадионында концерт беретіні хабарланған еді.
Алайда «Қайрат» футбол клубы аталған күннің клубпен келісілмегенін жеткізді.
Мәлімдеуінше, бұл күндері «Қайрат» - «Жеңіс» ресми матчы өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады.
«Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды», - делінген мәлімдемеде.
Айта кетері, Лопестің Астанадағы концертіне билет алушылар жауапты компанияның сайтын істен шығарған еді.