Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрлығы анықталды

© Photo : Polisia.kzКорова
Корова - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері жайылымда жүрген ірі қара малды ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.
"Бүгінде аталған топтың жергілікті тұрғындарға тиесілі 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді. Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында сатқан", - деп жазылған хабарламада.
Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, соңғы екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда мал ұрлығы қылмыстарының саны 64%-ға азайған. Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.
Кинолог и собака-спасатель Джейкоб - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2025
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Жаңалықтар
0