https://sputnik.kz/20250521/zheke-klinikalarda-kozdin-moldir-qabygyn-transplantatsiyalauga-ruqsat-etildi-53736954.html
Жеке клиникаларда көздің мөлдір қабығын трансплантациялауға рұқсат етілді
Жеке клиникаларда көздің мөлдір қабығын трансплантациялауға рұқсат етілді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T13:27+0500
2025-05-21T13:27+0500
2025-05-21T13:28+0500
көз
трансплантация
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53738058_0:0:2243:1262_1920x0_80_0_0_ae7a16d82c3fcbbec2880e5b66833e6f.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда көздің мөлдір қабығын трансплантациялау немесе кератопластика жүргізу үшін медициналық ұйымдардың тізімі кеңейтіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж, бірақ елде бұл қызметті ала алмай отыр.Ел азаматтарына мөлдір қабықты трансплантациялау бойынша операциялар медициналық туризм шеңберінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде мұқтаж науқастар мен олардың отбасыларына үлкен материалдық ауыртпалық түсіріп, медициналық көмектің, әсіресе балалар үшін, қолжетімділігін шектейді.️Әлемде жыл сайын шамамен 180 мың мөлдір қабықты ауыстыру операциясы жүргізілсе, соның тек 42 мың трансплантациясы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына шамамен 200 операцияны құрайды.
https://sputnik.kz/20250430/qazaqstan-ote-kurdeli-transplantatsiyalyq-ota-zhasaytyn-6-eldin-qataryna-kiredi--toqaev-52994249.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53738058_0:0:2243:1682_1920x0_80_0_0_f10d441fa90079004de2cb702f9200f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көз, трансплантация
Жеке клиникаларда көздің мөлдір қабығын трансплантациялауға рұқсат етілді
13:27 21.05.2025 (жаңартылды: 13:28 21.05.2025) Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда көздің мөлдір қабығын трансплантациялау немесе кератопластика жүргізу үшін медициналық ұйымдардың тізімі кеңейтіледі, деп
хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж, бірақ елде бұл қызметті ала алмай отыр.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының шеңберінде тиісті норма мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды. Бұған дейін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес мұндай операцияларды тек мемлекеттік клиникаларда жүргізуге ғана рұқсат етілген болатын", - дейді ведомство.
Ел азаматтарына мөлдір қабықты трансплантациялау бойынша операциялар медициналық туризм шеңберінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде мұқтаж науқастар мен олардың отбасыларына үлкен материалдық ауыртпалық түсіріп, медициналық көмектің, әсіресе балалар үшін, қолжетімділігін шектейді.
"Бүгінгі таңда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының базасында орындалатын операциялар саны тым жеткіліксіз, сондықтан арнайы даярлықтан өткен мамандар мен заманауи диагностика және операциялық жабдықтары бар медициналық ұйымдар тізімін кеңейту қажеттілігі туындады", - деді министрлік.
️Әлемде жыл сайын шамамен 180 мың мөлдір қабықты ауыстыру операциясы жүргізілсе, соның тек 42 мың трансплантациясы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына шамамен 200 операцияны құрайды.