"ЦОН" мобильді қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Бұл сервис арқылы зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептеуге болады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ "ЦОН" мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервисті іске қосты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Бұл – азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал", - деп жазылған хабарламада.
Сервис 2025 жылдың 28 сәуірінен бастап жұмыс істеп тұр. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгеріпті.
Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:
зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;
бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылу кезіндегі төлем, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;
мүгедектік: еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;
жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем.
Айта кетері, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.
Қызметті пайдалану үшін "ЦОН" мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.
Жаңалықтар
0