https://sputnik.kz/20250521/taksi-agregatorlarynyn-komissiyasyn-3-5-protsentke-tusiru-kerek--ukimetke-saual-zholdandy--53737253.html
Такси агрегаторларының комиссиясын 3-5%-ке түсіру керек – үкіметке сауал жолданды
Такси агрегаторларының комиссиясын 3-5%-ке түсіру керек – үкіметке сауал жолданды
Sputnik Қазақстан
Депутаттың айтуынша, бүгінде мыңдаған жүргізуші такси агрегаторларына тәуелді 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T12:52+0500
2025-05-21T12:52+0500
2025-05-21T13:16+0500
такси
депутаттық сауал
https://sputnik.kz/img/07e6/04/12/24281521_0:74:2730:1610_1920x0_80_0_0_6313767f38752fec5235eb5d3194c177.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "AMANAT" партиясының мәжілістегі фракциясы такси агрегаторларының комиссиясын төрт есеге төмендетуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, бүгінде мыңдаған қазақстандық жүргізуші такси агрегаторларына тәуелді болды. Қазіргі кезде цифрлық такси платформаларының комиссиясы 16%-тен басталады. Оған қоса, таксопарктер тағы 2-4% алады. Ал бәсеке болмағасын баға көтеріле береді. "Жеке қабылдауларда халық такси тарифтерінің негізсіз қымбаттауын алға тартады. Әсіресе, мереке күндері немесе ауа-райы күрт өзгерсе баға бірден шарықтап кетеді", - деп атап көрсетті депутат. Фракция үкіметке депутаттық сауал жолдап, алдымен қазақстандық цифрлық қосымшаларға қолдау көрсетуді талап етті. Одан кейін елдің цифрлық картасын құру қажеттігін алға тартты. Оның ойынша, осы салада бағаны да реттеп отыру керек.
https://sputnik.kz/20250421/yandeks-taksi-men-indrayver-zhurgizushilerinin-zhasyryn-tabysy-tekseriledi-52684506.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/12/24281521_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_042a19d0e04470e4d6c51b16cad8d19c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, депутаттық сауал
Такси агрегаторларының комиссиясын 3-5%-ке түсіру керек – үкіметке сауал жолданды
12:52 21.05.2025 (жаңартылды: 13:16 21.05.2025) Депутаттың айтуынша, бүгінде мыңдаған жүргізуші такси агрегаторларына тәуелді
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "AMANAT" партиясының мәжілістегі фракциясы такси агрегаторларының комиссиясын төрт есеге төмендетуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, бүгінде мыңдаған қазақстандық жүргізуші такси агрегаторларына тәуелді болды.
"Төленген әрбір жол ақысының бір үзімін отандық жүргізуші алса, қалғанын сырттағылар алып отыр. Осы күнделікті тіршілігімізбен біте қайнасып кеткен онлайн сервистік такси қызметінен тапқан табыстардың белгілі бір пайызы шетелге кетіп жатыр. Бір қарағанда барлығын шетелдік технократтар жасап беріп жатырғой дей салуға болады. Шын мәнісінде біз соларға тәуелді болу арқылы ішкі қаржы айналымында оңбай ұтылып жатырмыз", - деді Жайымбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде цифрлық такси платформаларының комиссиясы 16%-тен басталады. Оған қоса, таксопарктер тағы 2-4% алады. Ал бәсеке болмағасын баға көтеріле береді.
"Жеке қабылдауларда халық такси тарифтерінің негізсіз қымбаттауын алға тартады. Әсіресе, мереке күндері немесе ауа-райы күрт өзгерсе баға бірден шарықтап кетеді", - деп атап көрсетті депутат.
Фракция үкіметке депутаттық сауал жолдап, алдымен қазақстандық цифрлық қосымшаларға қолдау көрсетуді талап етті. Одан кейін елдің цифрлық картасын құру қажеттігін алға тартты.
"Нарықтың өзгермейтін монополиялық жағдайы ірі такси агрегаторлары алатын комиссиялардың мөлшерін бағалық реттеуді талап етуіміз керек. Яғни, такси платформалардың комиссиясын 3-5%-ке дейін түсіру қажет", - дейді Жайымбетов.
Оның ойынша, осы салада бағаны да реттеп отыру керек.