Өңірлерде жүк көліктерін өлшейтін 200 жүйе орнатылады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуӨңірлерде жүк көліктерін өлшейтін 200 жүйе орнатылады
Өңірлерде жүк көліктерін өлшейтін 200 жүйе орнатылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Автоматтандырылған өлшеу жүйесі жолдың тозуының алдын алады
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Ауыр жүк көліктерін өлшейтін жүйе көлік жүріп бара жатқан кезде автоматты түрде іске қосылады.

"Автоматтандырылған өлшеу жүйесі жолдарды тоздырмау мақсатында орнатылады. Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде қойылады", - деді көлік министрі Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау кезінде.

Министрдің қабылдауында болған азаматтар көбінесе өңірлердегі автомобиль жолдарын жөндеу, инватакси санын көбейту, қоғамдық көлік пен жолаушы вагондары паркін жаңарту және жөнделіп жатқан учаскелердің сапасын бақылау жайында өтініш сауалдарын жолдаған.
"Осы уақытқа дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті", - деді министрлік.
Қазақстан-Қытай көлік форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Астанада алғаш рет Қазақстан-Қытай көлік форумы өтіп жатыр
Жаңалықтар
0