https://sputnik.kz/20250521/kaspiy-tenizinin-dengeyi-aytarlyqtay-tomendep-ketti--toqaev-53756873.html
Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кетті – Тоқаев
Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кетті – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Бұл жағдай аймақтың экологиясы мен экономикасына, халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізуде 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T16:15+0500
2025-05-21T16:15+0500
2025-05-21T16:15+0500
түркі мемлекеттері ұйымы
қасым-жомарт тоқаев
каспий теңізі
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53754435_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_5fb307bd8bc2cc26d68e829177d1349d.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде әлемде жиілеген табиғат апаттарына қарсы тұру үшін күш жұмылдыру мәселесі аса өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткенін мәлімдеді.Президент мұнай, газ, уран және тағы да басқа тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру ісінде Ұйымның әлеуетін пайдалану қажет екеніне назар аударды.Осы ретте Қазақстаннан Еуропа бағытында мұнай жеткізуді арттыру жобасын қолдағаны үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта халықаралық сарапшылар Транскаспий мұнай және газ құбырларын салу бастамасын талқылап жүргенін атап өтіп, мұндай жобалар өте ауқымды және трансұлттық деңгейдегі ықпалдастықты талап ететінін жеткізді.Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Биыл еліміз Каспий теңізі арқылы оптикалық-талшықты кабель тарту жобасын жүзеге асыра бастады. Соның нәтижесінде аймақтағы цифрлық байланыс нығая түседі.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызына тоқталды.
https://sputnik.kz/20250521/toqaev-biz-turki-birligin-nygaytamyz-53756154.html
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53754435_100:0:1180:810_1920x0_80_0_0_7462dd8a285d734141ae31b3a04c56de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркі мемлекеттері ұйымы, қасым-жомарт тоқаев, каспий теңізі
түркі мемлекеттері ұйымы, қасым-жомарт тоқаев, каспий теңізі
Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кетті – Тоқаев
Бұл жағдай аймақтың экологиясы мен экономикасына, халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізуде
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде әлемде жиілеген табиғат апаттарына қарсы тұру үшін күш жұмылдыру мәселесі аса өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткенін мәлімдеді.
"Бұл жағдай аймақтың экологиясы мен экономикасына, халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізуде. Президент түркі елдерін осыған қатысты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және ортақ жобалар әзірлеуге үндеді", - делінген хабарламада.
Президент мұнай, газ, уран және тағы да басқа тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру ісінде Ұйымның әлеуетін пайдалану қажет екеніне назар аударды.
Осы ретте Қазақстаннан Еуропа бағытында мұнай жеткізуді арттыру жобасын қолдағаны үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта халықаралық сарапшылар Транскаспий мұнай және газ құбырларын салу бастамасын талқылап жүргенін атап өтіп, мұндай жобалар өте ауқымды және трансұлттық деңгейдегі ықпалдастықты талап ететінін жеткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Биыл еліміз Каспий теңізі арқылы оптикалық-талшықты кабель тарту жобасын жүзеге асыра бастады. Соның нәтижесінде аймақтағы цифрлық байланыс нығая түседі.
"Елдеріміз арасындағы сауда-саттықты жандандырып, тауар түрін көбейту қажет. Өткен жылы Қазақстанның Ұйымға мүше елдермен арадағы алыс-берісі 11,4 миллиард долларға жетті. Бұл – еліміздің сыртқы саудасының 8 пайызына тең. Әрине, жақсы көрсеткіш. Дегенмен оны арттыра түсу керек. Осыған орай, сауда-саттықты дамыту үшін арнайы құжат әзірлеуді ұсынамын", – деді президент.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызына тоқталды.