Елде шамамен 7,4 млн гектар жерге егін егілді
08:06 21.05.2025 (жаңартылды: 10:32 21.05.2025)
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЕгістік алқабы

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Шаруалар 17,1 млн гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Көктемгі егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні 7 376,9 мың гектар жерге егін егілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шаруалар 17,1 млн гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді, 8,1 млн гектарда егіс алдындағы топырақ өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары атқарылды.
Аймақтар бөлінісінде дән себу көрсеткіші мынандай:
Ақмола облысында – 1 599,3 мың га;
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 013,5 мың га;
Қостанай облысында – 745,3 мың га;
Павлодар облысында – 610 мың га;
Қарағанды облысында – 548,1 мың га.
Дақылдар құрылымы бойынша:
дәнді дақылдар – 4 645,9 мың га;
майлы дақылдар – 1 658,5 мың га;
мал азықтық дақылдар – 475,5 мың га;
көкөністер – 101,7 мың га;
картоп – 77,4 мың га;
бақша дақылдары – 78,9 мың га;
мақта – 141,2 мың га;
қант қызылшасы – 17,7 мың га;
күріш – 52,3 мың га.
"Биылғы жылға тұқымға қажеттілік – 2,3 млн тонна, 100% көлемде дайындалды. Толық сараптамаға 2,1 млн тонна тұқым тапсырылып, оның 1,9 млн тоннасы тексерілді, тексерілген тұқымның 99%-ы кондициялы деп танылды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 010,5 мың тоннаға жеткізуге шарттар жасалды.