https://sputnik.kz/20250521/aqtobede-askeri-tergeu-basqarmasynyn-basshylygy-sottaldy-53761500.html
Ақтөбеде әскери тергеу басқармасының басшылығы сотталды
Ақтөбеде әскери тергеу басқармасының басшылығы сотталды
Sputnik Қазақстан
Әскери полиция басқармасының бастығы 9 жылға, ал аға тергеуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T19:15+0500
2025-05-21T19:15+0500
2025-05-21T19:15+0500
әскери қызметкер
пара
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 21 мамыр - Sputnik. Ішкі істер министрлігі әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік басқармасының бастығы мен аға тергеуші сотталды, деп хабарлайды әскери сот.Қылмыстық іс Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақтары "Пара алу" бойынша қаралды.Былтыр желтоқсанда әскери полиция басқармасының бастығы мен аға тергеуші өзара сөз байласып, куәгерден 1 000 000 теңге мөлшерінде пара талап еткен.Сотталушылар өз кінәсін толық мойындамады. Алайда олардың кінәсі толық дәлелденді дейді сот."Сот үкімімен әскери полиция басқармасының бастығы 9 жылға, ал аға тергеуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуі де өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды", - дейді әскери сот.Онымен қоса олар әскери шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, пара
Ақтөбеде әскери тергеу басқармасының басшылығы сотталды
Әскери полиция басқармасының бастығы 9 жылға, ал аға тергеуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 21 мамыр - Sputnik. Ішкі істер министрлігі әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік басқармасының бастығы мен аға тергеуші сотталды, деп хабарлайды әскери сот.
Қылмыстық іс Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақтары "Пара алу" бойынша қаралды.
Былтыр желтоқсанда әскери полиция басқармасының бастығы мен аға тергеуші өзара сөз байласып, куәгерден 1 000 000 теңге мөлшерінде пара талап еткен.
"Олар пара бермеген жағдайда жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Сотталушылар 24 желтоқсанда 700 000 теңге алып жатқан сәтінде қолға түсті", - дейді ведомство.
Сотталушылар өз кінәсін толық мойындамады. Алайда олардың кінәсі толық дәлелденді дейді сот.
"Сот үкімімен әскери полиция басқармасының бастығы 9 жылға, ал аға тергеуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуі де өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды", - дейді әскери сот.
Онымен қоса олар әскери шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.