Венгрия парламенті халықаралық қылмыстық соттан шығу туралы заң жобасын мақұлдады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуВенгрия
Венгрия - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Заң жобасын 134 депутат қолдады
АСТАНА, 20 мамыр - Sputnik. Венгрия парламенті халықаралық қылмыстық соттан шығу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Заң жобасын 134 депутат қолдап, 37-сі қарсы болды, тағы жетеуі қалыс қалды.

Құжаты парламентке енгізген сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто заң жобасының негіздемесінде Венгрия "халықаралық ұйымдарды, әсіресе қылмыстық соттарды саяси мақсатта пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартатынын" атап көрсетті. Ол халықаралық қылмыстық соттың Рим жарғысы Венгрия газетінде жарияланбағанын, осылайша ұлттық құқықтың бөлігіне айналмағанын еске салды.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Израиль премьер-министрінің сәуір айының басында Будапештке сапары кезінде елінің халқаралық қылмыстық соттан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, өйткені, оның айтуынша, ХҚС соңғы жылдары бейтарап ұйымнан саясиға айналды.
Родриго Дутерте - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Халықаралық қылмыстық сот Филиппиннің бұрынғы президентін қамауға алуға ордер берді
Жаңалықтар
0