https://sputnik.kz/20250520/uyaly-telefonnyn-tirkelgenin-qalay-tekseruge-bolady-53722569.html
Ұялы телефонның тіркелгенін қалай тексеруге болады
Ұялы телефонның тіркелгенін қалай тексеруге болады
Sputnik Қазақстан
eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы ұялы телефонды тексеруге болады 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T17:50+0500
2025-05-20T17:50+0500
2025-05-20T17:50+0500
ұялы телефон
https://sputnik.kz/img/956/39/9563941_0:63:1198:737_1920x0_80_0_0_5d7df4714f34001a3f024b070d44b77d.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мобильді құрылғылардың верификациясын қалай тексеруге болатынын хабарлады.Бүгінде eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы ұялы телефонның тіркелгенін, я тіркелмегенін тексеруге болады. Сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік бар.IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану тәртібі:www.gov.kz порталында қызметті пайдалану тәртібі:imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану тәртібі:Бұдан бөлек, ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/956/39/9563941_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_09b6c0325ecef72530335e35296da8be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұялы телефон
Ұялы телефонның тіркелгенін қалай тексеруге болады
eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы ұялы телефонды тексеруге болады
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мобильді құрылғылардың верификациясын қалай тексеруге болатынын хабарлады.
Бүгінде eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы ұялы телефонның тіркелгенін, я тіркелмегенін тексеруге болады. Сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік бар.
IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды.
eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану тәртібі:
eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;
басты беттегі "Танымал қызметтер" бөлімінен "Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру" сервисін таңдау қажет;
жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;
тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.
www.gov.kz порталында қызметті пайдалану тәртібі:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;
"Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру" сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;
тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.
imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану тәртібі:
тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.
Бұдан бөлек, ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.