"Саламатты Қазақстан": кәсіби дәрігерлер 120-дан астам ауылды аралап шығады

© Photo : Пресс-служба Фонда развития социальных проектов Samruk-Kazyna TrustМедицинский поезд "Саламатты Қазақстан" работает в Северо-Казахстанской области
Медицинский поезд Саламатты Қазақстан работает в Северо-Казахстанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ешкім талап етпейді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Биыл "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 123 ауылға барады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанадан шыққан пойыз елдің батысына бет алды. Осы жолғы маршрут Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының Тұрыш ауылынан басталады. Осыдан кейін медициналық пойыз алты айдың ішінде 123 ауылда аялдама жасайды. Сол кезде 90 мыңнан астам қазақстандық дәрігерлерден ғана емес, заңгерлер мен медиаторлардан да білікті көмек ала алады.
"Әрбір елді мекенде пойыз бір-екі күнге аялдайды, осы уақытта дәрігерлер, медиаторлар мен заңгерлер тек жергілікті тұрғындарды ғана емес, пойыз бармайтын көрші ауылдардың тұрғындарын да толықтай қабылдап, кеңес бере алады", - дейді "Samruk Kazyna Trust" корпоративтік қорының мамандары.
Медициналық қабылдауды түрлі бағыттағы 30 маман жүргізеді. Олардың ішінде терапевт, хирург-травматолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, оториноларинголог, невропатолог, педиатр, акушер-гинеколог, офтальмолог, уролог, стоматолог-терапевт, рентгенолог, функционалды диагностика дәрігері, психолог және тағы мамандар бар. Медициналық вагондарда қанның жалпы және биохимиялық талдауы, флюорография, ультрадыбыстық зерттеу, гастроэнтероскопия, электрокардиограмма және басқа да диагностикалық процедуралар қолжетімді.
Дәрігерлер ем тағайындап қана қоймай, қажет болған жағдайда жеңіл операциялар да жасайды. Ол үшін пойызда барлық санитарлық жағдай, заманауи жабдықтар мен диагностикалық аппараттар қарастырылған.
Ал көмекке кез келген азамат жүгіне алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ешкім талап етпейді. Медициналық пойыздың қозғалысын www.medpoezd.kz сайтынан бақылап отыруға болады.
Айта кетері, "Саламатты Қазақстан" пойызы алғаш рет 2010 жылы жолға шыққан болатын. Содан бері 800 мыңнан астам адам дәрігерлерден көмек алды, ал жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен хирургтар шамамен 37 мың операция жасады. Ем алған әр бесінші пациент – бала.
Медицинский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
"Саламатты Қазақстан" пойызы: шалғайдағы 60 мыңға жуық тұрғын тексеруден өтті
Жаңалықтар
0