Оқушылар жазда жұмысты қалай таба алады - министр кеңес берді

© Sputnik / Тимур БатыршинХимия сабағы
Химия сабағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Заң бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына жұмыс істеуге рұқсат бар
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жазда мектеп оқушылары жұмысты қалай таба алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына жұмыс істеуге рұқсат бар. Бүгінде олардың жалпы саны 1 млн 488,6 мың адамды құрайды. Көбісі Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында тұрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) арнайы "Менің жазғы демалысым" бөлімі бар. Сол жерде 14 жастан бастап платформаға тіркелуге, жеке кабинетін құруға, түйіндеме жариялауға және қолайлы бос жұмыс орындарын өз бетінше іздеуге мүмкіндік бар.
"Бірақ 16 жасқа дейінгі білім алушылар үшін тіркеуді және жеке кабинетті құруды заңды өкілдер жүзеге асырады. Платформа 14 жастан бастап алғашқы кәсіби тәжірибені игеруге, жұмысқа орналастырудың цифрлық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді", - деді Жақыпова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал Skills.Enbek онлайн оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренуге немесе бұрыннан бар қабілеттерін жетілдіруге болады. Бүгінгі таңда платформада 1,2 мыңнан аса курс бар, оның 322-сі тегін, ал 137 курс мемлекеттік тілде ұсынылған.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінде мектеп жасындағы 24,3 мың бала жұмыспен қамтылды. Көбісі сауда саласында, тұру және тамақтану қызметтерінде жұмыс істейді.
Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды
Жаңалықтар
0