Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеу Украинадағы қақтығысты әділ шешуді көздейді – Лавров

© Фотохост-агентство РИА Новости / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Президент Владимир Путин Ақ үйдің басшысы Дональд Трамппен әңгімелесу барысында Мәскеудің мақсаты Украинадағы қақтығысты әділ шешу екенін айтты.
Бұл туралы РИА Новости СІМ басшысы Сергей Лавровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап жазды.
"Ресей Украинаның православие адамдарын қиыншылықта қалдырмайды және олардың заңды құқықтарына құрметпен қарайтын деңгейге жеткізеді. Ал канондық православие Украина жерінде халықтың рухани өмірінің орталығын қалыптастырады. Бұл мақсаттарға қол жеткізіледі, ал оған кепіл - Ресей Федерациясының батыс құрған украин дағдарысын әділ реттеу туралы ұстанымы. Бұл ұстаным кеше президент Путиннің АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы кезінде тағы бір рет дәлелденді", - деді ол православиелік Пасха мерекесіне арналған қабылдауда.
Дипломаттың айтуынша, Киев 2014 жылдан бастап Ресеймен байланысты кез келген нәрсені жойып жатыр.
Лавров сонымен қатар Украинаның Пасха бітімін және Жеңіс Күнін мерекелеу кезінде атысты тоқтату туралы бастаманы орындаудан бас тартқанын аатап өтті. Оның айтуынша, Киевтің мұндай саясаты Мәскеу үшін таңғаларлық емес.

Путин мен Трамптың әңгімесі

Екі сағатқа созылған келіссөз дүйсенбі күні кешке өтті. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Мәскеу атысты тоқтатуға арналған Киевпен меморандум жасауға дайын. Бұл туралы Ресей басшысы хабарлаған болатын.
Президенттің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, көшбасшылар тұтқындармен алмасу тақырыбын да қозғаған, бұл орайда қазіргі уақытта "тоғыз-тоғыз" форматы пысықталуда. Саясаткерлер сондай-ақ ықтимал кездесуді талқылап, бұл нәтижелі болуы керек деген пікірге келді. Сондықтан президент командалары Ресей мен Америка Құрама Штаттарының саммитінің мазмұнын пысықтауға кіріседі.
Ал Ақ үйдің басшысы әңгімеден кейін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізбейтінін айтты, өйткені қақтығысты шешуге мүмкіндік бар деген сенімде.
Трамп Владимир Зеленскийді және бірнеше еуропалық көшбасшыны Владимир Путинмен әңгіме нәтижелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол Ресей мен Украина арасындағы келіссөз дереу басталатынын атап өтті.

Ыстанбұлдағы кездесу

Ресей мен Украина арасындағы алдыңғы тікелей байланыстар өткен жұмада Ыстанбұлда өтті, кездесу екі сағатқа созылды. Ресей делегациясын басқаратын президенттің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен 1000-ға жуық тұтқынды алмасу туралы жариялады. Сонымен қатар Мәскеу мен Киев болашақ бітімгершілік мүмкіндіктері туралы өз көзқарасын ұсынуға келісті.
Украин тарапы келіссөздерде мемлекет басшыларының кездесуін сұрады, Мәскеу өз кезегінде мұны назарға алды. Мединский сонымен бірге Ресейдің диалогты жалғастыруға дайын екендігін айтты.
Жаңалықтар
0