https://sputnik.kz/20250520/endi-uy-zhanuarynyn-pasportyn-egov-mobile-arqyly-koruge-bolady-53723674.html
Енді үй жануарының паспортын eGov Mobile арқылы көруге болады
Енді үй жануарының паспортын eGov Mobile арқылы көруге болады
Sputnik Қазақстан
Енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы көруге болады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ. 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T21:00+0500
2025-05-20T21:00+0500
2025-05-20T21:00+0500
мобильдік қосымша
үй жануарлары
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493945_0:0:2304:1296_1920x0_80_0_0_5439a490546d6053776e6ada58a4c6da.jpg
Енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы көруге болады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.Барлық мәлімет TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады:Сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.Қызметті пайдалану үшін:Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493945_62:0:1790:1296_1920x0_80_0_0_ec69ee04beb021f7312a2849ea77d2f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша, үй жануарлары
мобильдік қосымша, үй жануарлары
Енді үй жануарының паспортын eGov Mobile арқылы көруге болады
Енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы көруге болады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
"Мысық, ит және басқа да үй жануарларының иелері олардың мәліметтерін eGov Mobile мобилді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінен қарай алады", - деп жазылған хабарламада.
Барлық мәлімет TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.
Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады:
жануардың түрі мен жынысы,
иесінің толық аты-жөні мен ЖСН.
Сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.
eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;
"Цифрлық құжаттар" сервисіне кіру қажет;
"Басқа құжаттар" бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;
егер құжат көрінбесе, "Құжаттарды жаңарту" батырмасын басу қажет.
Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.