https://sputnik.kz/20250520/densaulyq-saqtau-ministrligi-balalar-lagerlerin-baqylaudy-kusheytedi-53721637.html
Денсаулық сақтау министрлігі балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді
Денсаулық сақтау министрлігі балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді
Sputnik Қазақстан
2024 жылы лагерлердің 19%-ы дайындықты уақытында аяқтай алмады 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T21:37+0500
2025-05-20T21:37+0500
2025-05-20T21:37+0500
денсаулық сақтау министрлігі
балалар
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45751948_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_d68b39f16b3f0c5ec87116b8ce8d7e96.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы мен балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді. Бұл туралы үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр маусымдық лагерге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қауырт желі ұйымдастырылды.Министрдің айтуынша медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп медицинасында мейіргерлердің рөлі күшейтілуде.Сонымен қатар медициналық тексеру және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібі қайта қаралуда.Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Мектептегі тамақтану стандартын қайта қарады және ол биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген типтік мәзір балалар организмінің физикалық және ақыл-ой дамуына пайдалы болмақ.
https://sputnik.kz/20240718/orman-orti-kezinde-tolygymen-zhanyp-ketken-lager-zhanadan-salyndy-45751708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45751948_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_a754ef3d8a591aaa4b6a20a775eccedb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, балалар
денсаулық сақтау министрлігі, балалар
Денсаулық сақтау министрлігі балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді
2024 жылы лагерлердің 19%-ы дайындықты уақытында аяқтай алмады
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы мен балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді. Бұл туралы үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
"Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. 2024 жылы лагерлердің 19%-ы (37 лагерь) дайындықты уақытында аяқтай алмады және балаларды қабылдауды бастай алмады", - деді Әлназарова.
Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр маусымдық лагерге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қауырт желі ұйымдастырылды.
Министрдің айтуынша медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп медицинасында мейіргерлердің рөлі күшейтілуде.
"Мәселен, мейіргерлердің жүктемесін азайту (бір мөлшерлеме 700 емес, 500 оқушыдан келетіндей) жоспарланып отыр, оқушы саны 1000-нан асатын ірі мектептерде стоматологиялық аурулардың профилактикасына арналған арнайы кабинеттер ашылады", - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар медициналық тексеру және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібі қайта қаралуда.
Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Мектептегі тамақтану стандартын қайта қарады және ол биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген типтік мәзір балалар организмінің физикалық және ақыл-ой дамуына пайдалы болмақ.