Абай облысында мектеп мұғалімдеріне қажетті жабдық берілмеген

Жаңа мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Прокуратура тексерісінен кейін мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Абай облысында мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтары бұзылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Заңсыздықты Абай ауданының прокуратурасы анықтаған. Белгілі болғандай, ауданда 125 қызметкердің құқығы бұзылған.
"Ауданның 11 мектебінде педагогикалық және техникалық қызметкерлерге қажетті жеке қорғаныс құралдары жоқ. Белгіленген нормативтерге қарамастан химия пәнінің мұғалімдеріне ақ халаттар, информатика пәнінің мұғалімдеріне компьютермен жұмыс істеу үшін қорғаныс көзілдіріктері, зертханашыларға қолғаптар мен қорғаныс алжапқыштар берілмеген", - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан қызметкерлердің қауіпсіздік және гигиеналық еңбек жағдайлары талапқа сай болмаған.
Прокуратура тексерісінен кейін мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектептерде қажетті жеке қорғаныс құралдары сатып алына бастады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды
Жаңалықтар
0