370 мың мектеп оқушысынан ауру анықталды – министр негізгі патологияларды атады

 Ақмарал Әлназарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
2024 жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың 90%-і профилактикалық тексерістен өтті
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 370 мың мектеп оқушысынан қандай аурулар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың 90 проценті профилактикалық тексерістен өтті. Бұл бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 9%-ке артық. Осылайша, балаларды динамикалық бақылаумен қамту деңгейі артып келеді.
"370 мың баладан ауру анықталды. Олар динамикалық бақылауға алынды. Ең жиі кездесетін патологиялар – стоматологиялық, офтальмологиялық, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің аурулары", - деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, бүгінде әрбір мектеп емханаға бекітілген және мейіргермен 95%-ке қамтамасыз етілген.
Айта кетері, биыл оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтайды. Олардың ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, 9 сыныпты – 364 мың бала, ал 11 сыныпты 217 мың жасөспірім тәмамдайды.
Мектеп асханаларын тексеру 23 есе қысқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Мектеп асханаларын тексеру 23 есе қысқарды
Жаңалықтар
0