https://sputnik.kz/20250519/su-unemdeledi-qyzylorda-oblysynda-kurish-alqaby-lazermen-tegisteldi-53658170.html
Су үнемделеді: Қызылорда облысында күріш алқабы лазермен тегістелді
Су үнемделеді: Қызылорда облысында күріш алқабы лазермен тегістелді
Sputnik Қазақстан
Былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T10:16+0500
2025-05-19T10:16+0500
2025-05-19T10:16+0500
күріш
қызылорда
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40545156_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bf4d13194055616d605f114056ed4fe4.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының диқандарымен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Биыл өңірде 60 мың гектарға жуық егіс алқабы лазермен тегістелді.Министрлік мәліметінше, былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін ұлғайды.Бүгінде үкімет ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лазермен тегістегіштерді сатып алу шығындарын 50%-ға дейін субсидиялайды. Бастапқыда кооперативтерге арналған субсидия мөлшерін 25% болып, кейіннен диқандардың өтініші бойынша ол 50%-ға дейін ұлғайтылды.Бүгінгі таңда Қызылорда облысында лазермен тегістейтін 123 техника бар. Бұл 100 мың гектарға дейін егістік алқапты қамтуға мүмкіндік береді.Биыл ауа райының ерекшеліктеріне байланысты Қызылорда облысында да суару маусымы әдеттегіден ертерек басталды. Жауын-шашын болмағандықтан суармалы суға сұраныс екі есе артып отыр. Бүгінде өңір диқандарын сумен қамту үшін Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20240818/qyzylorda-oblysynyn-diqandary-kurish-zhinaudy-bastady-46410840.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40545156_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_1a7912bf4327add7571555cad89de9ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күріш, қызылорда, министрлік
күріш, қызылорда, министрлік
Су үнемделеді: Қызылорда облысында күріш алқабы лазермен тегістелді
Былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының диқандарымен кездесті, деп хабарлады
ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл өңірде 60 мың гектарға жуық егіс алқабы лазермен тегістелді.
Министрлік мәліметінше, былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін ұлғайды.
Бүгінде үкімет ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лазермен тегістегіштерді сатып алу шығындарын 50%-ға дейін субсидиялайды. Бастапқыда кооперативтерге арналған субсидия мөлшерін 25% болып, кейіннен диқандардың өтініші бойынша ол 50%-ға дейін ұлғайтылды.
"Осыған дейін субсидия егістік алқабы 200 гектардан асатын шаруашылықтарға ғана төленеді деген талап бар еді. Біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, бұл шектеуді де алып тастадық", - деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында лазермен тегістейтін 123 техника бар. Бұл 100 мың гектарға дейін егістік алқапты қамтуға мүмкіндік береді.
Биыл ауа райының ерекшеліктеріне байланысты Қызылорда облысында да суару маусымы әдеттегіден ертерек басталды. Жауын-шашын болмағандықтан суармалы суға сұраныс екі есе артып отыр. Бүгінде өңір диқандарын сумен қамту үшін Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр.