https://sputnik.kz/20250519/qyzylorda-oblysynda-zhana-arnayy-ekonomikalyq-aymaq-ashyldy-53679292.html
Қызылорда облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылды
Қызылорда облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылды
Sputnik Қазақстан
"Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағы 550 гектар аумақта орналасады 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T22:48+0500
2025-05-19T22:48+0500
2025-05-19T22:48+0500
қызылорда облысы
арнайы экономикалық аймақтар
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53676616_0:0:1278:719_1920x0_80_0_0_5be770b1b20ed7d2fba422013efb94ce.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Елімізде "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспаөз қызметі.Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады.АЭА-ның "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжануда. Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді.Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес, аталған қаулымен "Оңтүстік", "Астана – Технополис", "Сарыарқа", "Alatau" және "Ақтөбе" АЭА-ға порт аймақтары мәртебесі берілді.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53676616_149:0:1108:719_1920x0_80_0_0_a3a631c7a751aeb612d03915cf8194f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, арнайы экономикалық аймақтар
қызылорда облысы, арнайы экономикалық аймақтар
Қызылорда облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылды
"Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағы 550 гектар аумақта орналасады
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Елімізде "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспаөз қызметі.
Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады.
"Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
АЭА-ның "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.
2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжануда. Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді.
"25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес, аталған қаулымен "Оңтүстік", "Астана – Технополис", "Сарыарқа", "Alatau" және "Ақтөбе" АЭА-ға порт аймақтары мәртебесі берілді.